Әлем

Тірі құмырсқамен жасалған маникюр жұртты ашуландырды – видео

CC0 / Engin Akyurt / Маникюр
Маникюр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Маникюр шеберлері тырнақ астына жәндік жіберген

АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Ресейлік Nail Sunny студиясының шеберлері тырнаққа арналған ерекше дизайн ойлап тапты. 

Маникюр шеберлері алдымен тырнақты ұзартқан, кейін ішкі жағына қосымша "қабырға" желімдеп, саңылау арқылы арасына құмырсқаларды жіберген. Содан кейін әлгі саңылауды жауып тастаған, деп жазады Life.ru. 

Желіде жарияланған видеоны көргендер жағасын ұстады. Қолданушылар дизайнерлерді жәндіктерді азаптады деп айыптаған. 

Кейінірек салон қызметкерлері тағы бір видео жариялап, онда құмырсқаларды қалай бостандыққа жіберіп жатқанын көрсетті.

 

Жаңалықтар
0