Әлем

Полиция мотоциклшінің жұлынған қолын екі күннен бері іздестіруде

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Іздестіру жұмыстарына теңіз полицейлері де жұмылдырылмақ

АСТАНА, 3 қыркүйек  Sputnik. Нью-Джерси штаты, Томз-Ривер елді мекенінің полициясы мотоцикл жүргізушісінің қолын әлі күнге дейін таба алмай келеді. Бұл туралы NJ.com сайты жазды. 

Полиция - Sputnik Қазақстан
Видео
Полиция көлігі тротуарға шығып, адамдарды басып кетті - видео

30 тамыз күні таңғы уақытта 36 жастағы Рональд Вэнерсдейл мен тағы бірнеше мотоциклші қала көшелерінде жарыс ұйымдастырады. Ер адам мотоциклді басқара алмай, бір уақытта құлайды. Апат болған жерден 90 метр, ал астындағы көлігі 230 метр жерге ұшқан.

Апат салдарынан Вэнерсдейл қолынан айырылады. Оқиға болған жерге бірінші болып жеткен полицей оны аман алып қалады. Дәл қазір мотоцикл жүргізушісі ауруханада жатыр. Ал полиция қызметкерлері екі күннен бері оның қолын таба алар емес.

Жұлынған қол осылайша із-түссіз жоғалып кетті. Түрлі шараға қарамастан, оны іздеп табу мүмкін болмады. Полиция жергілікті тұрғындардан қолды көріп қалған жағдайда, оны әкеліп беруді сұрады. Сондай-ақ, іздеу жұмыстарына теңіз полицейлері де жұмылдырылмақ.

Естеріңізге сала кетсек, аяғын кесіп тастағаннан кейін америкалық мотоциклші оны жеп қойған еді. Таныс аспаз оған осы аяғынан тамақ жасауға көмектесіп, кейін оның етін достарымен бөліскен.

Жаңалықтар
0