19:25 13 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.81
  • EUR429.01
  • RUB6.08
Полиция

Белгісіз біреу ойын кезінде 10 адамды атып өлтірді

© AP Photo / Markus Schreiber
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
277 0 0

Полиция қылмыскерді әлі ұстаған жоқ

АСТАНА, 3 қыркүйек  Sputnik. Жайсыз оқиға Американың Сан-Бернардино қаласында орналасқан тұрғын үй кешенінде болды. Бұл туралы CNN басылымы жазды.

Оқыс жағдай 3 қыркүйек күні таңертеңгі мезгілде болды. Жергілікті полицияның мәліметінше, 10 адамға оқ тиіп, олардың үшеуі ауыр халде жатыр. Зиян шеккендердің бәрі  ересек адамдар. Оларды жақын маңдағы ауруханаларға алып кетті. CBSNews адамдар тобының сол жерде ойын ойнап отырғанын жеткізді.

Оқ жаудырған күдіктіге қатысты еш мәлімет жоқ. Сондай-ақ, оның неліктен мұндай қадамға барғаны да белгісіз.

Кімнің оқ жаудырғаны хабарланбады, әзірге күдікті ұсталмаған. Press-Telegram басылымы оқиға болған жерден қарудың табылмағанын жазды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қылмыскер тапанша мен винтовканы қатар пайдаланған.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, олар шамамен 20 рет оқ атылғанын естиді. Кейін араға бес минут салып оқиға болған жерге полиция қызметкерлері келеді. Дәл қазір кешен қоршауға алынды.

Компьютерлік ойыннан жеңілген жігіт атыс шығарды

Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылдың 14 ақпанында 19 жастағы Николас Крузоткрыл бұрынғы мектебіне барып, оқушыларға оқ жаудырған еді. Осының салдарынан 17 адам өлді, тағы он жеті адам ауруханаға түсті. Тергеу барысында оған осылай жасауға басындағы дауыс кеңес бергенін айтқан.

Тақырып бойынша

Теміртау тұрғыны бір топ жігітке оқ жаудырды
Оқушы қыз мектепке қару әкеліп, сыныптастарына оқ жаудырды
Белгісіз адамдар Анкарадағы АҚШ елшілігіне оқ жаудырды
Шымкенттен ауылға қонаққа барған 8 жасар бала әпкесін атып өлтірді
Полицейлер қарулы қылмыскерді тұтқынмен бірге атып тастады (видео)
Шымкентте мал бағып жүрген баланы атып кеткен дөкейді полиция ұстады
Ер адам төрт баланы атып өлтіріп, өз-өзіне қол салды
Оралда күйеу баласы енесін атып өлтірді
Талдықорғанда әскери қызметкер әріптесін атып тастады
Қостанайда 60 жастағы ер адам көңілдесін атып өлтіріп, артынан өзіне қол жұмсады
Сот өз-өзін атып өлтірген ер адамға қатысты істі қайта қозғады
Желіде прокурорды жаралап, кейін өзін атып өлтірген адамның видеоүндеуі жарияланды
Әскеридің ұлдары тапаншамен ойнап жүріп, абайсызда бірі екіншісін атып алған
Кілт сөздер:
тұрғындар, оқиғалар, оқ, қылмыскер, полиция, Америка
Загрузка...

Басты тақырып