Әлем

Журналистің денесін бөлшектеген қылмыскер жазасымен келіспей отыр

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуқылмыскер
қылмыскер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сот оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады

АСТАНА, 5 қыркүйек — Sputnik. Дат өнертапқышы Петер Мадсен өзін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кескен сот шешімімен келіспей, қайта шағым түсірді. Ол журналисті өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған еді. Бұл туралы Reuters агенттігі жазды.

әйел - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақтауда 20 жастағы бойжеткенді такси жүргізушісі зорлап тастады

Дәл қазір Данияда бір адамды өлтіргені үшін бір ғана қылмыскер өмір бойына сотталып, жазасын өтеп жатыр. Прокурордың мәлімдеуінше, ол журналисті әдейі және жоспар құрастыра отырып өлтіргені үшін осындай шешім қабылданды.

Тергеу жұмыстары барысында қылмыскер бірнеше рет сөзінен айнып, ақырында Ким Валльды өлтіріп, денесін суға лақтырғанын мойындады. Алайда ол мұның кездейсоқ болғанын айтады: өзі кеменің үстінгі қабатына көтеріліп бара жатқанда марқұм газға уланған. Ал психиатр мамандар оның өтірікті жиі айтатынын және айналасындағылар үшін аса қауіпті екенін дәлелдеген.

Қазақстанда "Алтын белгі" иегері өмір бойына сотталуы мүмкін

Қайғылы жағдай өткен жылдың тамыз айында болды. Ким Валль өнертапқышпен бірге суда жүзуге кетіп, кейін оралмаған. Араға екі ай салып оның денесінің бөлшектері табыла бастады. Ол кезде Мадсенге қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатқан еді.

Жаңалықтар
0