Әлем

Әлемде ең көп мұңаятын мемлекеттер белгілі болды

CC0 / Jackie_Chance / Әйел жылап отыр
Әйел жылап отыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтанушылар 150-ге жуық мемлекет арасында сауалнама жүргізді

АСТАНА, 13 қыркүйек — Sputnik. Өткен он жылдықпен салыстырғанда 2017 жылы әлемде жайсыз жағдайлар көп болды. Бұл туралы Gallup әлеуметтік қызметі өткізген сауалнамадан белгілі болды. Аталған қызмет жыл сайын жағымсыз тәжірибелердің индексін есептеп отырады.

ТМД мемлекеттерінің тулары - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қазақстан бақытты елдер рейтингінде Өзбекстаннан қалып қойды

Әлеуметтанушылар 146 мемлекеттегі адамдар арасында сауалнама жүргізді. Азаматтарға бір күн бұрын өздерін қалай сезінгендері туралы сұрақтар қойылды. Негізінен сұрақтар күйзеліс, дененің ауыруы, мұңаю және ашу төңірегінде қойылды. Нәтижесінде респонденттердің 38%-і бір күн бұрын бір нәрсеге алаңдағандарын, 37%-і күйзеліске түскендерін, 31%-і денелерінің ауырғанын айтқан. 23%-і мұңайса, 20%-і қатты ашуға бой алдырған.

Әлемде жайсыз жағдайлар ең көп болатын мемлекет Орталық Африка екені белгілі болды. Аталған мемлекетте респонденттердің 76%-інің денесі ауырған, сондай-ақ, 74%-і өздерін жайсыз сезінген. Бұл соңғы он жылдағы ең үлкен көрсеткіш.

Екінші орында 2008 жылдан бері ең жағымсыз жағдайлар көп болатын мемлекеттер бестігіне тұрақты түрде кіріп келген Ирак тұр. Үшінші орында Оңтүстік Судан, ал кейінгі орындарда Чад, Сьерра-Леоне, Мысыр, Иран, Нигер, Палестина территориясы, Либерия, Мадагаскар және Уганда.

Көршілес Ресей Швеция, Нидерланды, Польша және Моңғолия сынды мемлекеттермен бірге жайсыз жағдайлар аздау болатын мемлекеттер тізіміне енді.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Қытай алкогольді көп тұтыну себебінен өлім-жітім ең көп болатын мемлекет қатарына кірген еді.

Жаңалықтар
0