11:42 21 Қараша 2018
Тікелей эфир
  • USD364.95
  • EUR416.99
  • RUB5.55
Жұмысбасты әйел

Түнде жұмыс істейтін әйелдердің қандай ауруға шалдығатыны белгілі болды

CC0 / Free-Photos
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
142701

Зерттеу жұмысына өз еркімен 13 мың әйел қатысты

АСТАНА, 15 қыркүйек — Sputnik. Монреаль университетінің ғалымдары түнде жұмыс істейтін әйелдердің сүт безі рагына шалдығу қаупі жоғары екенін анықтады. Бұл туралы MedicalXpress таратқан баспасөз хабарламасында жазылды. 

Зерттеу жұмысына Австралия, Канада, Франция, Германия және Испания елдерінен 13 мың әйел қатысты. Олардың орташа жасы — 55-59, 6,1 мыңы сүт безі рагына шалдыққан. Осы респонденттер арасында сауалнама жүргізіліп, олардың қауіпті ауруға шалдығуының себебі анықталды. 

Нәтижесінде әйелдердің рак ауруына шалдығуы олардың түнгі уақытта жұмыс істегендерімен байланысты екені айтылды. Түнгі он екіден кейін 3 сағат жұмыс істеген әйелдердің рак ауруына шалдығу қаупі 12% болған. Ал аптасына үш рет күнделікті 10 сағаттан артық жұмыс істегендердің бұл ауруға шалдығу қаупі 80% артқан.

Мамандар әйел адам түнімен жұмыс істегенде олардың циркад ритмдері бұзылатынын айтады. Кейін осының салдарынан ісікке қарсы тұратын мелатонин гормоны аз бөлінеді.

Тақырып бойынша

Ғалымдар электронды темекінің зиянын дәлелдеді
Ғалымдар бір жарым миллиард адам неден өлетінін айтты
Қолға арналған кептіргіштер аса қауіпті – ғалымдар
Ғалымдар салмақ тастау үшін сағат қаншада тамақтану керек екенін анықтады
Ғалымдар ең қауіпті азық-түлікті анықтады
Ғалымдар: Ұйқысы жиі қанбайтын адамдар жалғыз қалады
Ғалымдар кәрілікке қарсы ем ойлап тапты
Кілт сөздер:
ауру, рак, зерттеу, ғалымдар, әйел
Загрузка...

Басты тақырыптар