Әлем

Танзанияда кеме аударылып, 100-ден астам адам қаза болды

CC0 / susannp4 / Кеме көл ортасында келе жатыр
Кеме көл ортасында келе жатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүз адам тасымалдауға арналған кемеге 300-ден астам жолаушы отырып алған

АСТАНА, 21 қыркүйек — Sputnik. Танзаниядағы Виктория өзенінде жолаушылар тасымалдайтын паром аударылып, қайтыс болғандар саны 136 адамға жетті, деп хабарлайды Рейтер агенттігі.

мәйітхана - Sputnik Қазақстан
Әлем
Миллиардтаған адам жастай қайтыс болады — зерттеу

Бұған дейін 86 адамның ажал құшқаны белгілі болған-ды.

Қайғылы жағдай бейсенбі күні болды. Кеме Юкора аралында айлаққа жақын жерде аударылған. Франс Пресс басылымының хабарлауынша, кемеде 200 адам отырған. Бұл кеме тасымалдай алатын адамнан екі есе көп. Сондай-ақ, кеменің ішінде жүк, жүгері, банан, цемент салынған мүшектер болған.

Рейтер басылымының хабарлауынша, кемеде қайғылы жағдай боларда 300 адам отырған.

 

 

Жаңалықтар
0