Әлем

Жүргізуші өртке оранған көліктен шығып үлгермеді - видео

CC0 / Beeki / Көлік өртеніп жатыр
Көлік өртеніп жатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ford Mondeo Mercedes-Benz көлігіне соғылып, артынша өртеніп кетті. Жүргізуші көліктен сыртқа шығып үлгермеді

АСТАНА, 24 қыркүйек — Sputnik. Жол-көлік оқиғасы 22 қыркүйек күні кешкі сағат 22:38 кезінде Ош облысы Үзген ауданы Кароол ауылында болды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Екі көлік бір-біріне соқтығысқаннан кейін олардың біреуі өртке оранды. Осы өртенген көлік ішінде отырған ер адам сыртқа шығып үлгермеді. Милиция қайғылы оқиға болған жерде ажал құшқан жүргізушінің кім екенін анықтады.

Сондай-ақ, әзірге ер адамның тірідей жанып кеткеніне қатысты ақпарат әлі анық еместігі айтылды. Себебі, ер адам көлік өртенбей тұрып ажал құшқан болуы да мүмкін.

 

 

Жаңалықтар
0