14:41 18 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD376.51
  • EUR418.91
  • RUB6.13
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
5288 0 0

Мамандар аспирин ішіп жүрген 120 мың науқастың мәліметтеріне талдау жүргізді

АСТАНА, 27 қыркүйек — Sputnik. Кардифф университетінің ғалымдары аспириннің қатерлі ісіктің кей түрін емдеуге көмектесетінін анықтады. Бұл туралы MedicalXpress таратқан баспасөз хабарламасында айтылды. 

Мамандар ішек, қуықалды және сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққан және әртүрлі мөлшерде аспирин ішіп жүрген 120 мың науқастың мәліметтерін талдады. Сондай-ақ, бұл дәріні мүлдем ауызға алмаған 400 мың науқасқа қатысты зерттеу жүргізді. Нәтижесінде аталған дәріні тұтынатындардың тірі қалу мүмкіндігі 20-30% өсетіні белгілі болды.

Ал дәрінің кері әсеріне келетін болсақ, науқастардың аз бөлігінде ғана асқазан-ішек жолынан қан кеткен. Сондай-ақ, кейбіреуінде қан кетуге аспириннен өзге нәрсе себеп болғаны белгілі болды.

Ғалымдар бұл зерттеу жұмысы обсервациялық бақылау негізінде жүргізілгендіктен, әзірге аспириннің қатерлі ісікті емдеуге қалай көмектесетіні белгісіз болып отыр. Алайда олар қатерлі ісіктің алдын алып, емдеуде ауырсынуды басатын дәрілердің айтарлықтай әсері бар екеніне бірден бір дәлел.

 

 

Тақырып бойынша

Ғалымдар қандай адамның бұрынғы сүйіктісін аңдитынын айтты
Сыра көп ішетін әйелдерге мұрт өседі - ғалымдар
Ғалымдар жалғыздықтан арылуға көмектесетін көлік түрін анықтады
Ғалымдар қандай адамдардың көзге шөп салуға бейім тұратынын анықтады
Ғалымдар: Ұйқысы жиі қанбайтын адамдар жалғыз қалады
Ғалымдар ер адамдардың әйелдерден ақылдырақ екенін дәлелдеді
Ғалымдар өлім алдында адамның қандай күйде болатынын анықтады
Кілт сөздер:
дәрі, аспирин, зерттеу, ғалымдар, қатерлі ісік
Загрузка...

Басты тақырып