22:13 23 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.52
  • EUR431.32
  • RUB6.10
Әлемде

Армениядағы митингтерден кейін алты министр отставкаға кетті

Әлемде
Қысқа сілтеме алу
37 0 0

Министрлер кезектен тыс сайлау өткізуді қиындататын заң жобасын қолдаған

АСТАНА, 3 қазан — Sputnik. Армения президенті Армен Саркисян Еревандағы митингтерден соң алты министрді отставкаға жіберді. Бұл шенеуніктер — "Гүлденген Армения" және "Дашнак-цутюн" партияларының мүшелері, олар кезектен тыс сайлау өткізуді қиындататын заң жобасын қолдаған.

Парламентті тарқатып, кезектен тыс сайлау өткізуді премьер-министр Никол Пашинян қолдап отыр. Парламенттегі дауысқа салудан соң, ол өз жақтастарын Ереван орталығына наразылық акциясына шығуға шақырды, деп жазды centralasian.org.

Митингіде Пашинян парламент жұмысын реттеуге қатысты мәселені шешуде өз ұсынысын білдірді. Пашиняннің ұсынысы бойынша, ол премьер-министрліктен отставкаға кетеді және егер парламент өзін екі ретте де премьер-министр қылып сайлай алмаса, онда конституция бойынша парламент тарайды да, мерзімінен бұрын сайлау өтеді.

Азаттықтың Армян қызметінің хабарлауынша, Армения парламенті 2 қазан күні кешке өткен кезектен тыс жиынында парламенттің жұмыс тәртібі туралы заңға өзгерістер енгізуді мақұлдаған. Парламенттегі Армения республикалық партиясы, "Дашнакцутюн" партиясы мен "Царукян" блогы ұсынған өзгерістер бойынша, төтенше жағдай немесе депутаттардың жұмысына кедергі келтіру салдарынан парламентте қандай да бір мәселе талқыланбай қалса, онда парламент жиыны өтпеді деп емес, тоқтатылды деп саналады.

Премьер-министр Никол Пашинян қабылданған өзгерістер парламентті тарату мүмкіндігін айтарлықтай азайтатынын мәлімдеді. Ол заңға түзету енгізуді қолдаған депутаттар мен саяси күштерді "контрреволюционерлер" деп атады.

Қазанның 2-сі күні кешке парламент ғимаратына кіреберіс жол жабылды. Парламент алдындағы Баграмян даңғылына заңға енгізілетін даулы өзгерістерге қарсылығын білдіру үшін премьер-министрдің шақыруы бойынша шыққан халық жиналды.


Тақырып бойынша

Халық министрдің отставкаға кетуін талап етуде: Қасымов неге сеніп отыр?
Армения премьер-министрі отставкаға кететінін мәлімдеді
Қырғызстан үкіметі отставкаға кетеді – парламент сенімсіздік танытты
Отставкаға кеткен Аман Төлеев депутат болады
Түркия президенті кінәсі дәлелденсе, отставкаға кетуге уәде берді
Кілт сөздер:
митинг, саясат, министр, отставка, Армения
Загрузка...

Басты тақырып