00:16 23 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.52
  • EUR431.32
  • RUB6.10
Мұғалім

Мұғалім оқушыларды бағалаудың таптырмас әдісін ойлап тауып, бүкіл әлемге танылды

CC0
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
1721 0 0

Америкалық ұстаздың оқушылардың орындаған үй тапсырмаларынан алған әсері олардың жұмысын жаңаша бағалауға түрткі болды

АСТАНА, 20 қазан — Sputnik. АҚШ-тағы орта мектеп мұғалімі Айне Фатима оқушылардың үй жұмысын бағалаудың жаңа әдісін ойлап тапты. Тапсырмаларды тексерген кезде ұстаздың қандай сезімде болғанын шәкірттері смайликтер мен мемдер бейнеленген стикерлер арқылы білетін болған.

Айне Фатима Twitter парақшасында жариялаған видеода оқушының бақылау жұмысына стикер жапсырып отыр. Стикерде түкке түсінбей тұрған баланың суреті бейнеленген.

​Видео әлеуметтік желіде тез тарап, Фатиманың парақшасында алты миллионнан астам адам тамашалаған.

Оқушыларының білімін бағалаудың ерекше тәсілін 27 жастағы қыз олардың үй тапсырмасын тексергенде қандай күйде болатынын жеткізу үшін ойлап тауыпты. Ал жарияланған видеода шәкіртінің ақылға қонымсыз жауаптарына көңілі толмаса керек.

"Жаңа стикерлермен баға қойғанды жақсы көрем!", — дейді Айне Фатима.

Оның айтуныша, бұл әдіс оқушыларға қатты ұнапты. Дәптерлерінде стикерлерді көрсе, қуанып, мәз болады екен. Ал стикер болмаса, мұңайып қалатын көрінеді.

Тақырып бойынша

Түркістан облысындағы хиджаб дауы: оқушылар орамалын шешті
Таиландта оқушылар мен студенттерге құшақтасуға тыйым салынды
Сағадиев қандай оқушылар дене шынықтыру сабағынан босатылатынын айтты
Павлодарда оқушылар мектепке саусақ ізі арқылы кіреді
Кілт сөздер:
мектеп, баға, мұғалім, оқушылар
Загрузка...

Басты тақырып