Әлем

Қытайға оқуға кетіп, далада қалған 64 қазақстандық студенттің жағдайы белгілі болды

CC0 / sasint / Студенттер шөп үстінде жатыр
Студенттер шөп үстінде жатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Студенттер қазақстандық компаниямен келісімшартқа отырып, Қытайға оқуға кеткен

Талапкерлер емтихан кезінде - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Енді студенттер университетте төрт жыл оқымайды
АСТАНА, 22 қазан — Sputnik. 64 қазақстандық студенттің барлығы Қытайдың Наньнин және Гуанчжоу қалаларында жатақханаға орналастырылды. Қазір өздері таңдаған жоғары оқу орындарында білім алып жатыр. Бұл туралы бүгін сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды тілшісі.

Осыдан бір-екі апта бұрын Қытайға оқуға кеткен 64 қазақстандық студент жатақханаға орналаса алмай, далада қалып қойғаны хабарланған болатын. Бүгін сыртқы саяси ведомствоның өкілі жатақхана мәселесі шешілгенін мәлімдеді.

"Барлық студент жатақханаға орналасып, тиісті жоғары оқу орындарында оқып жатыр. Мәселе шешілді деп айтуға болады", — деді Смадияров апта сайынғы брифингте.

Тағы оқыңыз:

Оның айтуынша, студенттер қазақстандық компаниямен келісімшартқа отырып, Қытайға оқуға барған. Алайда Қытай компаниясы өз міндетін орындамағанға ұқсайды.

"Біздің консулдың араласуымен бұл мәселе шешілді. Гуанжчоудағы 9 студент те оқу орындарына орналастырылды", — деді ол.

Жаңалықтар
0