Әлем

Ұшақ қонар кезде селфи жасамақ болған екі қыз ажал құшты

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуҚонғалы жатқан ұшақ
Қонғалы жатқан ұшақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қыздар ұшақ қонар кезде ұшу-қону жолағында суретке түспек болыпты

АСТАНА, 23 қазан — Sputnik. Жас мексикалық қыздар ұшу-қону жолағында селфи жасаймыз деп қаза тапты.

Қонған ұшақтың қанаты қыздарды бір-ақ соғып, қос құрбы жан тапсырған, деп жазады Proceso интернет басылымы.

Оқиға Чинипас атты кішкентай қалада болды. 18 және 17 жастағы қыздар ат жарыстан кейін сол маңдағы әуежайға барады. Ницца Мендоса Коррал мен Кларисса Моркечо Миранда ұшу-қону жолағына шығып, ұшақтың қонғалы жатқанын көргенде, сол сәтті пайдаланып селфи жасамақ болған екен.

Құрбандыққа шалынатын малды таңдау кезі, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Құрбандыққа шалынған малдың қасында селфи жасауға бола ма?

Селфи кезінде адамдардың ажал құшуы жыл өткен сайын көбейіп барады. Осы көрсеткіш бойынша әлемде Үндістан, Ресей және АҚШ көш бастап тұр. Бұл жайында Journal of Family Medicine and Primary Care журналы сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.

Зерттеушілер Үндістан елінің тұрғындары екен. Олар әлем жаңалықтарына мұқият талдау жүргізіпті. Сөйтіп, мынадай қорытынды жасаған: 2011 жылдың қазан айынан бастап 2017 жылдың қараша айына дейін әлемде 259 адам селфи кезінде қаза тапқан. Олардың жартысы – Үндістанда (159). Одан кейінгі кезекте Ресей (16), АҚШ (14) және Пәкістан (11).

Қаза тапқандардың орташа жас мөлшері – 23 жас. Ерлердің саны басым (72,5%). Бұған себеп суретке түсер кезде ер-азаматтар басын бәйгеге тігуден тайсалмайды екен.

Жаңалықтар
0