22:09 23 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.52
  • EUR431.32
  • RUB6.10
Сирия

Сирияда содырлар 3 қазақстандық әйелді өлім жазасына кесті

© Sputnik / Михаил Воскресенский
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
2613 0 0

Сирияда жүрген үш қазақстандық әйел отандастарын өлтіріп, ақшасын тартып алмақ болған

АСТАНА, 26 қазан — Sputnik. Сирияда үш қазақстандық әйел өздерінің отандастары мен 7 жасар баланы елге оралуға ақша алу үшін өлтірді. Алайда жантүршігерлік қылмысқа барған қазақстандықтар отанына орала алмады. Себебі, оларды содырлар өлім жазасына кесті, деп хабарлайды aktobetimes.kz сайты. 

500 қазақстандық бала Сирияда жүр

Сирия мен Ирак территориясында "Халифат" туралы жарияланғаннан кейін осы мемлекеттерге кеткісі келетіндердің қарасы көбейді. Олар Сирияға кеткенге дейін ваххабтық идеологияны белсенді түрде насихаттап, өздерімен бірге кетуге әйелдерін де көндірген. Көптеген әйел "Халифатта" өздерін романтикалық өмір күтіп тұр деп алданып күйеулерімен бірге барған.

Өкінішке орай, бұл процесс Қазақстанды да айналып өтпеді. Ашық дереккөздеріндегі мәлімет бойынша, Сирияға жол тартқан қазақстандықтардың саны 800 адамнан асып отыр. Шілде айындағы мәліметтерге сәйкес, бұл — 120 ер адам, 250 әйел және 500 кәмелеттік жасқа толмаған бала.

Тағы оқыңыз:

7 жасар қазақстандық баланы аяусыз өлтірді

Редакцияға Сириядан әйелдер мен балаларды қайтарып әкелу үшін жұмыс істеп жатқан Солтүстік Кавказ қоғамдық әйелдер ұйымынан ақпарат келіп түсті. Ол жерде ДАИШ территориясында жағдайдың ушығып бара жатқаны туралы жазылған. Жағдайдың шиеленіскені соншалық адамдар ол жақтан кез келген жолмен кетуге тырысып бағуда. Тіпті, осы мақсатқа жету үшін қылмысқа барғандар да бар.

Ішінде 6 қазақстандық Сириядан жасырын қашып шығып, Түркияға өтпек болады. Кейін олардың үшеуі ақшаға бола жанындағы үш отандасы мен 7 жасар қазақстандық баланы өлтіреді. Яғни осылайша марқұмдар жинап қойған ақшасын тартып алмақ ниетте болған. Алайда олар елге орала алмады. Себебі, оларды ДАИШ содырлары ұстап алып, шариғат сотына тапсырған.

Солтүстік Кавказдағы қоғамдық әйелдер ұйымының чатында Сирияда отандастарын өлтірген және содырлар қолынан өлген қазақстандық әйелдердің атын жазған. Олар ақтөбелік жас қыздар — Гүлбану (діни есімі УммМариям), Дарина (УммМуса), Тараздан — Салтанат — (УммАтика).

Тақырып бойынша

Қытайда 10 адамға үкім шыққаннан кейін бірден өлім жазасы орындалды
Адвокат: өлім жазасы мораторий күші жойылғаннан соң бір жылдан кейін орындалады
Отқа жағу не дарға асу. Әлем елдері педофилдерді қалай жазалайды?
"Өлім жазасына кесеміз бе?". Біртанов дәрігерлер жұмысына қатысты пікір білдірді
Өлім жазасына кескені дұрыс болды – Күлекбаевтың қолынан қаза тапқандардың туыстары
"Алматылық атқыш" Күлекбаев өлім жазасына кесілді
Назарбаева педофилдерді өлім жазасына кесу туралы: ҚР-ның халықаралық міндеттемелері бар
Кілт сөздер:
сот, өлім жазасы, бала, содырлар, әйел, Ақтөбе, Сирия, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып