Әлем

Студент қыз құймақ жеуден өткен жарыста көз жұмды

© SputnikҚұймақ
Құймақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Марқұмның туысқандары шара ұйымдастырушыларын сотқа берді

АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. АҚШ-та 20 жастағы студент Кэйтлин Нельсон құймақ жеуден өткен жарыста көз жұмды. 

Марафон қатысушылары - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматы марафонында қайғылы оқиға: 18 жастағы студент көз жұмды
Байқау Коннектикут штатындағы католик университетінде өтті. 20 жастағы студент Нельсон жарысқа қатысқан. Бойжеткен бірнеше құймақ жегеннен кейін қалшылдап, ес-түссіз құлап түскен.

Айналадағы адамдар бірден құтқару қызметіне қоңырау шалды. Шарада кезекші болған екі  студент қыз америкалық бойжеткенді құтқаруға тырысты. Екеуі де медбике мамандығы бойынша білім алады екен. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер Нельсонның тыныс алу жолдарынан "бетон сияқты қатты құймақ кесегін" тапқан, деп хабарлайды Fox News ақпарат порталы. 

Студент қыз, алдымен жергілікті ауруханаға, кейін Нью-Йорктің жетекші медициналық орталығына жеткізілді. Алайда дәрігерлер науқасты ажалдан арашалап қала алмады. Қаза болған қыздың туысқандары шара ұйымдастырушыларын сотқа берді.

Құймақты пісірген мейрамхана болған жайтты "трагедиялық оқиға" деп атады.

Марқұмның отбасы қыздың органдарын мұқтаж жандарға берді.

Жаңалықтар
0