Әлем

Президентке пародия жасайтын белгілі актер ұсталды

© AP Photo / Peter DejongҰсталған адам
Ұсталған адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция оны автотұрақта шыққан төбелестен кейін ұстады

АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп өзіне пародия жасайтын актер Алек Болдуинге сәттілік тіледі.

қолына кісен салынған азамат - Sputnik Қазақстан
Әлем
Танымал актер 40 жыл бұрын қыз зорлағаны үшін сотқа шақыртылды
Голливуд жұлдызы жұма күні Нью-Йоркте ұсталған. Болдуин Манхэттен аудандарының бірінде бір адамға жұдырық ала жүгіргенге ұқсайды. Құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сенсек, төбелес автотұрақта болған, деп хабарлайды РИА Новости. 

"Мен оған сәттілік тілеймін", - деді шуға қатысты журналистерге түсініктеме берген Трамп. 

Алек Болдуин – америкалық актер, кинорежиссер, "Алтын глобус" және "Эмми" жүлделерінің иегері. Демократиялық көзқарастарымен танымал Болдуин бұған дейін америкалық телеарналардан берілетін әзіл-сықақ бағдарламасында Трампқа пародия жасаған.

Жаңалықтар
0