20:17 15 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.71
  • EUR429.17
  • RUB6.02
Ит

Ит көлік жүргізіп келе жатқан қожайынына оқ атты

© CC0 / Adina Voicu
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
353 0 0

Абырой болғанда, ер адам ұялы телефонмен жедел жәрдем шақырып үлгерген

АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. 74 жастағы америкалық аңшы Сонни Гиллиган итінің құрбаны бола жаздады. 

Оқиға Американың Нью-Мексико штатында болған. Чарли есімді ит көлік жүргізіп келе жатқан аңшы қожайынына оқ атты. Ит көліктің артқы орындығында оқтаулы жатқан мылтықты абайсызда басып қалғанда, оқ иесінің арқасына тиген. 

74 жастағы Сонни Гиллиган ұялы телефонмен жедел жәрдем шақырып үлгерген. Көп қан жоғалтса да, дәрігерлер аңшыны аман алып қалды. Гиллиганның оқ жарақатынан қабырғалары мен бұғанасы сынған, деп жазады life.ru.

"Телефонға қолым жеткені жақсы болды. Егер дәрігерлер тағы он минутқа кешіккенде, мен өліп қалар едім", — дейді Гиллиган. 

Қазір аңшы Эль-Пасо ауруханаларының бірінде ем қабылдап жатыр. Ал оның иттері уақыттша жануарлар үйіне жіберілген. Гиллиган итіне еш өкпесі жоқ екенін айтады.

"Бұл жазатайым оқиға ғой, достарым "Чарли мұны әдейі істеген жоқ па екен" деп қалжыңдағаны рас. Бірақ, ол ешкімге зиянын тигізбейтін мейірімді, жанашыр дос", — дейді Сонни Гиллиган.

Тақырып бойынша

Түркістанда ит таластырған мектеп мұғалімі адам өлтірді деген күдікке ілінді
Ит қожайынының бес жасар қызын талап өлтірді
Алматы облысында екі жасар бала аңшы мылтығынан жарақат алды
Адам сияқты сөйлейтін ит әлеуметтік желіні дүрліктірді – видео
Данияр Елеусінов "маймылсың" деген боксшының ит терісін басына қаптады
Ролик тепкен ит желіде жұлдызға айналды - видео
Кілт сөздер:
оқ, жазатайым оқиға, көлік, мылтық, аңшылық, ит, АҚШ
Загрузка...

Басты тақырып