16:46 22 Қараша 2018
Тікелей эфир
  • USD368.28
  • EUR419.21
  • RUB5.59
Ит

Салмағы 80 келі ит отшашудан жүрегі жарылып өлді

CC0 / Lenka Novotná
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
57 0 0

Иттің жүрегі бұрыннан ауырып, күнде дәрі ішіп жүрген

АСТАНА, 7 қараша — Sputnik. Ұлыбританияда мәскеулік күзетші ит отшашудың дауысынан қорқып өлді. Бұл туралы Daily Mail басылымы жазды. 

Жағдай 5 қараша күні Үлкен Манчестер графствосында Гай Фокс түнін тамашалап жатқан кезде болды. Адамдар иттердің отшашудан қорқатынын біліп, оларды мереке қарсаңында қамап қойған. Барлығы тынышталғаннан кейін иттер қайтадан сыртқа шығарылды.

Алайда араға аз уақыт салып аспанда петарда мен зымырандар жарылады. Осы сәтте сыртта жүрген иттер қатты қорқып, жақын маңдағы ғимаратқа жүгіріп кіреді. Арасында салмағы 80 килограмға жуықтайтын мәскеулік Уинстон есімді ит сыртта қалып қояды. Қатты мазасызданған Уинстонның жүрегі тоқтап қалған. Ертесінде үй қызметкерлері оны өлі тауып алды.

Уинстонның жасы шамамен сегізде. Ол Болгариядан әкелінген болатын. Жүрегі бұрыннан ауырып, күн сайын дәрі ішіп жүрген.

Иттер үйінің иесі Эмма Биллингтон Уинстонның қатты шыққан дауыстарды ұнатпағанын айтты. Сондай-ақ, ол жақын маңда отшашуды кімдер ұйымдастыруы мүмкін екенін де білмей отырғанын жеткізді. Себебі иттер үйі адамдар жүретін жерден жырақта орналасқан.

Тағы оқыңыз:

"Біз адамдарға отшашудың иттер үшін қаншалықты ауыр тиетінін түсіндіруіміз керек. Мына заманда отшашудың ешқандай қажеті жоқ деп ойлаймын. Олар Уинстонның өліміне кінәлі. Бұл ит өмір бойы адамдардан қорлық көріп келген еді", — деді Биллингтон.

Бұл үйде иттерді темір торға қамамайды, олар еркін жүреді. Еріктілер Ұлыбритания, Кипр, Румыния және Болгариядан сол жерге иттерді алып келеді.

Тақырып бойынша

Ит қожайынының бес жасар қызын талап өлтірді
Екі ит қожайынын шайнап тастады
Адам сияқты сөйлейтін ит әлеуметтік желіні дүрліктірді – видео
Ит өзін жеп қоя жаздаған қабыланды құтқарды - видео
Үстіне "аспаннан" ит құлаған бойжеткен ауруханаға түсті – видео
Естімеген елде көп: АҚШ-та ит үйрететін мысық бар
Түлкі, жанат, ит және басқа жануарлар тату-тәтті бір үйде тұрып жатыр
Кілт сөздер:
дәрі, адам, жүрек, еріктілер, ит, Ұлыбритания
Загрузка...

Басты тақырыптар