16:34 22 Қараша 2018
Тікелей эфир
  • USD368.28
  • EUR419.21
  • RUB5.59
Ер адам мылтық ұстап тұр

Ер адам досын тиінмен шатастырып, көзіне оқ атты

CC0 / Selver Učanbarlić
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
100 0 0

Жәбірленуші тікұшақпен орталық ауруханаға жеткізілді. Қазір өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ

АСТАНА, 8 қараша — Sputnik. Американың Мичиган штатында тұрып жатқан аңшы досын тиінмен шатастырып, бетіне оқ атты. Бұл туралы MLive ақпарат порталы жазды.

Екі ер адам Аллеган қаласының маңында орналасқан орманға аң аулауға барады. Біреуі киімін шешіп жатып 18 метр қашықтықта орналасқан ағаштың ар жағында жирен түсті аңды байқап, шамамен тиіннің құйрығы болар деп болжайды. Осыдан кейін ер адам 12-ші калибрлі мылтығынан тиінге оқ атады. Алайда бұл тиін емес, арнайы киім киген досы болып шығады.

Бытыра ер адамның көзі мен жақ сүйегіне айтарлықтай зақым келтірген. Осыдан кейін аңшылар дереу құтқарушыларды шақырады. Оларға тікұшақ ұшып келіп, оқ тиген азаматты Аллеганның орталық ауруханасына жеткізеді. Дәрігерлердің айтуынша, дәл қазір ер адамның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Қала полициясы осы жағдайға байланысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ер адамға қатысты қаруды дұрыс пайдаланбағаны үшін қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

Тағы оқыңыз:

Қараша айының басында иті оқ атқан 74 жастағы аңшы туралы хабарланды. Ер адам жансақтау бөліміне түскеніне қарамастан, ұлына итті үйге қайтаруды тапсырған.

Тақырып бойынша

Алматыда полицей әріптесіне оқ атты: министр істің мән-жайын айтты
Полицей әріптесіне оқ атты: қылмыскер мен жәбірленуші туыс болып шықты
Түркістан облысында жасөспірім ақша үшін құрдасына оқ атты
Алматы облысында кәсіпкерге ауылдасы оқ атты
Таразда күзетші дәмханаға келген қонақтарға оқ атты
Көкшетауда қарт кісі туған ұлының басына оқ атты
Астана маңындағы ауылда белгісіз біреу прокуратура ғимаратының маңында оқ атты
Кілт сөздер:
жедел жәрдем, оқ, орман, аңшылық, ер адам, Америка
Загрузка...

Басты тақырыптар