22:02 19 Қараша 2018
Тікелей эфир
  • USD367.06
  • EUR416.17
  • RUB5.56
Ұшақ

Жолаушылар ұшағы бағанаға соғылып қалды

© AFP 2018 / ADEK BERRY
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
20 0 0

Индонезияның халықаралық әуежайында жолаушылар ұшағы бағанаға соғылды

АСТАНА, 8 қараша — Sputnik. Индонезияның Бенкулу провинциясында жолаушылар ұшағы әуежайдағы жарық бағанасына соғылып қалды, деп хабарлайды The Jakarta Post.

Boeing 737-900 ER ұшағы Джакарта маңындағы Сухарно-Хатта халықаралық әуежайынан ұшып шығуға тиіс болатын. Алайда ұшақтың қанаты бағананы қағып кеткендіктен, рейсті кейінге қалдыруға тура келді. Тергеу жүргізу үшін ұшқыш пен экипаж мүшелерін де рейстен алып тастаған. Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Бастапқы болжам бойынша, оқиғаға диспетчердің қате нұсқау беруі себеп болған. Болған жайттың анық-қанығын білу үшін әуежайдың диспетчер қызметкерлерінен де жауап алынды.

Айта кетсек, ұшақ Lion Air компаниясына тиесілі. Бұл компанияның Boeing 737 Max 8 ұшағы Ява аралының жағалауында теңізге құлаған еді.

Тақырып бойынша

Air Astana ұшағы шұғыл түрде Ақтау әуежайына қонды
Астана әуежайында жолаушылар ұшағы ұшу-қону алабынан шығып кетті
Жолаушылар ұшағы апатты жағдайда қонды: бір адам қаза тапқан
100-ден астам жолаушысы бар Bek Air ұшағы жедел қонуға мәжбүр болған - видео
Мәскеу түбінде жолаушылар ұшағы құлады
Кілт сөздер:
жолаушылар, әуежай, ұшақ, төтенше жағдай, Индонезия
Загрузка...

Басты тақырыптар