22:24 19 Қараша 2018
Тікелей эфир
  • USD367.06
  • EUR416.17
  • RUB5.56
Тапанша

Түнгі бардағы қанды қырғын: 12 адам қаза тауып, 12 адам жарақат алды - видео

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
485 0 0

Атқыштың көзі жойылды, оның кім екені анықталып жатыр

АСТАНА, 8 қараша — Sputnik. Лос-Анджелеске жақын жердегі Саузанд-Оакс қаласында 7 қарашада болған атыс салдарынан 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости.

Агенттіктің мәліметі бойынша, 12 адам әртүрлі деңгейде жарақат алған, атқыштың көзі жойылды. Бұл туралы жергілікті полиция шерифі Джефф Дин баспасөз мәслихатында хабарлаған.

Қаза тапқандар арасында, шериф атап өткендей, жергілікті сержант Рон Хелус бар, ол атыс кезінде оққа ұшыпты.

Шериф Диннің сөзіне сүйенсек, оқиға орнынан бір тапанша табылды. Күдікті өз-өзін атып өлтірді ме, әлде оған біреу оқ атты ма – әлі белгісіз.

Айта кетсек, қаруланған ер адам Borderline Bar and Grill түнгі барына келіп, жиналған жұртқа 30 шақты оқ жаудырған. Оқиға кезінде барда жүзге жуық адам болды, дені студенттер.

Полиция атқыштың кім екенін анықтап жатыр.

Associated Press/KABC
Стрельба в Калифорнии

Тақырып бойынша

Компьютерлік ойыннан жеңіліп ашуланған жас жігіт атыс шығарды - видео
Лондондағы атыс: бір адам қаза тауып, біреуі жарақат алды
Сарыағашта тағы да атыс: полиция көрші ауылдың тұрғынын өлтірген адамды іздеп жатыр
YouTube штаб-пәтерінде белгісіз бір әйел атыс шығарды
Қызылордада көшедегі атыс видеоға түсіп қалды
Белгілі әнші үйінің жанында атыс ұйымдастырды
Таразда бір топ жігіт үш мың теңге үшін атыс шығарған
Кілт сөздер:
зардап шеккендер, қаза тапқандар, тапанша, атыс, АҚШ
Загрузка...

Басты тақырыптар