03:02 09 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.97
  • EUR427.12
  • RUB6.04
Күдікті, архивтегі фото

Мәйіті сөмкеден табылған 5 жасар қыздың әкесіне ақша ұсынды

© Sputnik / Алексей Вовк
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
1656 0 0

Ресейде зорлықпен өлтірілген тәжік қызының әкесі еліне қайтуға мәжбүр болды

АСТАНА, 11 қараша — Sputnik. Ресейде көз жұмған бес жасар тәжік қызының әкесі Абдусалом Саидов еліне оралды. Ол қызының өліміне қатысты іс бойынша сот басталғанша Тәжікстанда болады.

Абдусалом Саидов тамыз айында Мәскеуге барып, адвокатымен бірге сот процесіне дайындалған. Бірақ айыпталушы Александр Семиннің отбасы оған қысым жасай бастаған, деп хабарлады centralasian.org.

"Маған екі мәрте ақша ұсынды. Әуелі алты миллион, одан соң он миллион рубль бергісі келді. Мен бас тарттым. Сосын Семиннің адвокаты менің үстімнен қорқытты деп арызданды. Адвокатым сот басталғанша Тәжікстанда бола тұруымды сұрады", — деді Абдусалом Саидов.

Оның айтуынша, сот 22 желтоқсанда басталады. Күдіктіні қамауда ұстау мерзімін 18 желтоқсанға дейін созған.

Айта кетейік, 28 жастағы Александр Семин биыл жазда 5 жасар көршісін зорлап, өлтірді деген күдікпен қамауға алынған. Қыз аулада ойнап жүрген жерінен жоғалып кеткен. Полицейлер оның денесін үйге жақын маңдағы жырада жатқан спорт сөмкесінен тауып алды.     


Тақырып бойынша

Теміртауда кілемге оралған әйелдің мәйіті табылды
Шымкентте үйінің ауласынан 15 жастағы оқушының мәйіті табылды
10 жасар туған қызын аяусыз зорлап келген павлодарлыққа үкім шықты
Оқушы қызды зорлап, оның анасын өлтірген қылмыскер түрмеде отырмайтын болды
Баланы зорлап, өлтірген үш педофилді жұрттың көз алдында жазаға тартты
Кілт сөздер:
күдікті, зорлау, Ресей
Загрузка...

Басты тақырып