00:22 21 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
Қариялар

Тоқсан бір жастағы қария әйелімен сүйісемін деп істі болды

Sputnik
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
232501

АҚШ тұрғыны Фэрфилд қаласында қарттар үйінде тұратын әйелін көруге барған

АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. АҚШ-тағы Коннектикут штатының 91 жастағы тұрғыны Хайнц Фонкузи қарттар үйіндегі әйеліне барып, ақыры соңында қамауға алынды. WTNH порталының жазуынша, полиция шақыруға ер адамның әйелін сүйгісі келгені себеп болыпты.

Оқиға сейсенбі 13 қарашада Фэрфилд қаласындағы Regal Care қарттар үйінде болған. Полиция барғанда, ер адам әйелінің бөлмесінде болған. Мекеме қызметкері айтқандай, Фонкузиге әйелін сүюге тыйым салынған, себебі "қарт аузымен әйелге бірдеңе беруі мүмкін".

Полицейлер бұл шақыртуға таңғалмағандарын атап өтті: Фонкузи осымен 26 рет қамауға алынып отыр.

Ер адамды полиция бөлімшесіне алып келіп, қылмыстық іс қозғады. Қарияны үйіне қоя бергенімен, сот отырысына қатысуға міндеттепті.

Тақырып бойынша

"Тапқыр шебер" атанған түркістандық қария ерекше ісімен жұртты таңғалдырып жүр - фото
Әлемдегі ең қарт әйел көз жұмды
Әлемдегі ең қарт бойдақ адам қайтыс болды
62 жастағы қарт тепсе темір үзетін жас жігіттерден кем түспейді
Лас-Вегаста қарт адам фестивалге келушілерді атып тастады
Кілт сөздер:
қарт, қылмыстық іс, полиция, АҚШ
Загрузка...

Басты тақырып