05:13 02 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD408.61
  • EUR454.09
  • RUB5.86
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
577 0 0

Лифтідегілерді құтқару операциясы үш сағатқа созылды

АСТАНА, 19 қараша — Sputnik. Американың Чикаго қаласында ішінде 6 адамы бар лифт 95-қабаттан қатты жылдамдықпен төменге сырғып кетті. Бұл туралы CBS Chicago жазды.

Жайсыз оқиға 16 қараша күні болды. Кендір арқандардың бірі үзілгеннен кейін лифт қатты жылдамдықпен төмен қарай сырғып, 11-қабат маңында тоқтады. Қосымша арқандар лифтінің салмағын көтере алғандықтан, ешкім жапа шеккен жоқ. Арасында аяғы ауыр әйел де болған.

Құтқарушылар келгенге дейін адамдар өздерінің қай қабатта тұрып қалғандарын білмеген. Сырттағылар ұзақ уақыт кабинаға жете алмады. Ақыры керегені балғаның көмегімен тесті. Жалпы лифтідегілерді құтқару операциясы үш сағатқа созылды.

"Бастапқыда бәріміз өлетін шығармыз деп ойладым", — дейді лифт жолаушыларының бірі, мексикалық турист Хайме Монтемайор.

Оның әйелі лифт ішінің шаң-топыраққа толғанын айтты.

 

 

Тақырып бойынша

Ақтөбеде тележүргізуші лифт ішінде қаза тапты
Астанада ішінде адамдар бар лифт тоқтап қалды
Теміртауда лифтіде болған жантүршігерлік оқиға жұртты есеңгіретіп қойды
Ақтөбеде лифтіде өлген тележүргізушінің күйеуі кешірім бермеді
Ақтөбедегі лифтіде жаншылып өлген тележүргізуші ісі: сотта жаңа деректер шықты
Лифтіде би билеген ұры жұртты күлдірді - видео
Екібастұздағы лифтіде педофил қаршадай қызды зорламақ болды
Кілт сөздер:
адам, операция, лифт, жолаушы, жүкті әйел, Америка
Загрузка...

Басты тақырып