06:58 12 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.70
  • EUR428.70
  • RUB6.08
Кэти Перри

Әлемдегі ең қымбат әнші анықталды

© AFP 2019 / JEAN-BAPTISTE LACROIX
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
309 0 0

Кэти Перри Witness: The Tour аясында 80 концерт беріп топ жарды

АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Бір жыл ішінде 83 миллион доллар пайдаға кенелген америкалық әнші Кэти Перри жыл сайын жаңартылатын Forbes табысы ең жоғары әншілер рейтингіcінде көш бастады. Бұл туралы басылым сайтында хабарланған.

Екінші орынды 80 миллион доллар ақша тапқан Тэйлор Свифт алды. Ол 2016 жылы бірінші орын иеленген болатын.

Ал 2017 жылы көш бастаған Бейонсе биыл 65 миллион тауып, үшінші орынға табан тіреген екен.

Көптеген әнші арулар үшін бұл жыл өте табысты болды, соған қарамастан Ариана Гранде, Мэрайя Кэри, Селена Гомес, Мадонна, Хэлси және Джанет Джексон сынды әртістер ТОП-10 тізіміне енбей қалды.

Сонымен, табысы ең жоғары әнші қыздардың ондығы:

  1. Кэти Перри (83 миллион доллар)
  2. Тейлор Свифт (80 миллион доллар)
  3. Бейонсе (60 миллион доллар)
  4. Пинк (52 миллион доллар)
  5. Леди Гага (50 миллион доллар)
  6. Дженнифер Лопес (47 миллион доллар)
  7. Рианна (37,5 миллион доллар)
  8. Элен Фишер (32 миллион доллар)
  9. Селин Дион (31 миллион доллар)
  10. Бритни Спирс (30 миллион доллар)

Айта кетсек, Кэти Перри Witness: The Tour аясында 80 концерт беріп, бірінші орынын қайтарып алды. Ол соңғы рет 2015 жылы 135 миллион доллармен Forbes рейтингісінде бірінші орынға шыққан еді.

Мамыр айында Перри арзан бижутерия тағамын деп жұрттың сынына ұшырады.

Ал сәуір айында  American Idol шоуының сахнасында Кэтидің шалбары жыртылып кетіп, масқарасы шыққан.

Тақырып бойынша

Ең көп табыс табатын Instagram жұлдыздары белгілі болды
"Қара шашың иығыңа төгілген..." Ең танымал қара шашты ханымдар
Әлемдегі ең бай адам қашан зейнетке шығады
Қазақстанның ең келбетті 10 актері
Кілт сөздер:
рейтинг, шоу-бизнес, әлемде, табыс, әншілер
Загрузка...

Басты тақырып