10:36 18 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD383.98
  • EUR430.63
  • RUB6.11
Еден жуушы

Мектеп аттестатын түзеткен еден жуушы әйел 10 жылға сотталды

© Sputnik / Максим Блинов
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
2488 0 0

Әйел адам мектеп бітіргені туралы құжатқа бір сынып қосып, түзетіп қойған

АСТАНА, 22 қараша — Sputnik. Грекияда мектеп аттестатына түзету енгізгені үшін еден жуушы әйелді 10 жылға соттады, Лариса қаласының соты оны алаяқтық жасағаны үшін айыпты деп таныған.

Taxydromos басылымы хабарлағандай, 1996 жылы әйел мектептің еден жуушысы қызметіне орналасу үшін байқауға қатысыпты. Конкурсқа қатысуға мүмкіндік алу үшін аттестатына тағы бір сынып қосып, бес сыныптың орнына алты сынып деп жазып, түзетіп қойған.

Бұл үкім бүкіл грек жұртшылығын дүрліктірді. Жергілікті кәсіподақ пен әйелдер қауымдастықтары 53 жастағы еден жуушыны босатуды талап етуде. Кей мәліметтер бойынша, әйел бала-шағасы және мүгедек күйеуін асырау үшін осындай қадамға барған.

Тақырып бойынша

Еден жуушы әйел бақылау камерасын шүберекпен жауып, ірі көлемде ақша ұрлады
Кілт сөздер:
мектеп аттестаты, еден жуушы, алаяқтық, қылмыстық іс
Загрузка...

Басты тақырып