11:47 13 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.81
  • EUR429.01
  • RUB6.08
Пешеходы

Жан дауысы шықты: Қызды тонамақ болған ұры өкініп қалды – видео

© Photo: CC0 / Igor Ovsyannykov
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
1536 0 0

Үйінің жанында тұрған қызға жас жігіт жақындап келіп, смартфонын беруді талап еткен

АСТАНА, 22 қараша — Sputnik. Бразилияда қызды тонамақ болған ұры күтпеген жерден қарсылыққа тап болды. Жәбірленуші джиу-джитсу спортымен айналысатын болып шыққан.

The Daily Mail басылымының хабарлауынша, 22 жастағы Сабрина Лейте үйінің жанында тұрған кезде оған кенеттен мотоцикл мінген екі жас жігіт келген. Олардың бірі қызға жақындап, смартфонын беруді талап етеді.

Жігіт оны қорқытпақ болады, бірақ онысынан түк шықпаған. Содан соң ұры зытып тұрады, алайда Лейте оны тез қуып жетіп, ауырту әдісімен полицияға келгенше ұстап тұрады. Осылайша ол оны жиырма минут бойы тырп еткізбеген.    

Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алды. Роликте қаскүнем шыңғырып, рақымшылық етуін өтініп жатқаны естіледі. 

Белгілі болғандай,  қыз төрт жылдан бері джиу-джитсумен айналысады екен. 

Тақырып бойынша

Астанада екі қыз шетел азаматын таспен ұрып, тонап кетті
Шымкентте жас жігіттер бес букмекерлік кеңсені тонап кеткен
Рудныйда студент қыз зейнеткерді тонап кетті
Қостанайда қарақшылар жанармай бекетін тонап кетті
Кілт сөздер:
джиу-джитсу, видео, тонаушылық, Бразилия
Загрузка...

Басты тақырып