Әлем

Шарасыз ана күнкөріс үшін 6 жасар қызын кәрі адамға сатып жіберді

© Photo : Fotolia/VkaraҚыз
Қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адамның айтуынша, кішкентай қыз оның 10 жасар ұлының қалыңдығы болмақ

АСТАНА, 23 қараша — Sputnik. Ауғанстанда шарасыз ана басқа балаларына тамақ тауып беру үшін алты жастағы қызын сатуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Mirror.

Сәби - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ұлды болуды армандаған ер адам жаңа туған қызын сатып жіберді

"Қуаңшылықтың кесірінен үш баламмен ауылымды тастап кетуге мәжбүр болдым, — дейді әйел адам. – Балаларымды аштықтан құтару үшін қызымды 3 мың долларға саттым, бірақ әзірге 70 доллар ғана қолыма тиді. Қалтамда көк тиыным жоқ, талғажау етер тамақ таппаймыз, отбасын асыраушы – күйеуім қаза тапқан". 

6 жасар Акила есімді қыз өзінің тағдыры жайында бейхабар. Анасы қызына сатып жібергенін әлі айтпапты.

Ал қызды сатып алған ер адамның айтуынша, ол болашақта он жасар ұлының қалыңдығы болмақ. Акиланың тым жас екені ер адамның ойына кіріп те шықпайды.

"Біздің елді мұндай оқиғалар болып тұрады. Тіпті кәрі адамдар да жас қыздарды алады. Ондай бола береді", — дейді ол.

Оның үстіне, бұл өңірде күн көріс қамымен балаларды сату және сатып алу жиі кездесетін жайт екен.

Жаңалықтар
0