05:27 15 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.62
  • EUR429.98
  • RUB6.06
Жүктілік

Дәрігерлер "жүкті" әйелдің денесінен 26 келілік ісікті кесіп алды

CC0
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
684 0 0

Бастапқыда әйел артық салмақ қосып алдым деп ойлап жүрген

АСТАНА, 28 қараша — Sputnik. Британиядағы Суонси қаласының тұрғыны бірнеше жылдан бері жатырындағы ісікті байқамай, өзін артық салмақ қосып алдым деп ойлап жүрген. The Mirror басылымының хабарлауынша, дәрігерлер оған осы күнге дейін аяғының ауыр екенін айтып келген.

Кили Фавелл 2014 жылдан бері салмағының артып келе жатқанын байқайды. Өзін семіздікке бейіммін деп ойлағандықтан, артық салмағына аса мән бермей жүре береді. Әйел дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылдана бастайды.

"Ішім өте баяу өскендіктен, бар болғаны салмақ қосып жатқан болармын деп ойладым", — деді Фавелл.

Іші қатты үлкейгендіктен, сәби күтіп жүрген болармын деп тексеріледі. Тест нәтижесі бойынша аяғының ауыр емес екені анықталады. Көп ұзамай Фавелл жұмыста есінен танып құлап, терапевт маманға қаралды. Дәрігерлер сол уақытта безеуді кетіру үшін ішіп жүрген дәріден уланған болар деп болжайды. Сондай-ақ, есінен танып құлауына күйзеліс әсер еткенін айтады.

Тағы оқыңыз:

Дәрігер әйел жүкті болар деп бірнеше рет анализ тапсыруға жіберген. Анализ нәтижелері теріс болып шыққандықтан, Фавелл ішін ультрадыбыстық аппараттың көмегімен тексертеді. Кейін жатырында үлкен ісік бары белгілі болады.

Мамандар бес сағат ота жасап, Фавеллдің ішінен салмағы 26 килограмм болатын ісікті кесіп алды. Осыдан кейін әйелдің салмағы үш есе азайған. Әйелдің оң жақ аналығы алынып тасталғанмен, мамандар оның алдағы уақытта ана бола алатынын айтады.

"Күн сайын жағдайым нашарлап, көлік жүргізе алмай, баспалдақтан көтеріле алмай біраз қиналдым. Мен болашақ аналарға арналған киімдер киіп жүрдім. Ісікті алып тастағаннан кейін өмірге қайта оралғандай болдым", — деді Фавелл.

Дәл қазір ол отадан кейін қалған тыртықтарға бола ғана алаңдап жүр.

Тақырып бойынша

Ғалымдар жүкті әйелдерге неге шай ішуге болмайтынын айтты
Астананың вокзалында жүкті әйел есінен танып қалды
Жүкті әйелді қабылдаудан бас тартқан дәрігер ауруханаға түсті
Шымкентте жүкті келіншектің ішінен 50 шақты тас шықты
Әйел төртінші сәбиіне жүкті екенін босанып жатып білген
Бір ауруханада істейтін 16 медбике қатар жүкті болып қалды
Ол қызынан да кіші қызды жүкті қылғанын естігенде еңіреп жылады – педагог
Кілт сөздер:
дәрігерлер, тексеру, ісік, жүктілік, әйел, Ұлыбритания
Загрузка...

Басты тақырып