Әлем

Жаңа туған екі тұмсықты құбыжық бұзау иесін есеңгіретіп қойды – видео

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуСиыр
Сиыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұзаудың екі тұмсығы, екі аузы және төрт көзі бар, дегенмен бас сүйегі біреу ғана

АСТАНА, 29 қараша — Sputnik. Үндістанда екі тұмсығы бар мутант-бұзау өмірге келді. Ерекше жануар жайлы видео "Daily Mail" басылымының назарын аударды.  

Бұзау бір ай бұрын Үндістанның оңтүстігіндегі Тамилнад штатының   Тируккойилур қаласында туған. Оның иесі, сүт сатушы Касирувал (Kathiruval) мутантты көргенде қатты таңғалған. 

"Біз есеңгіреп қалдық. Бұған дейін сиырларымның бірде-біреуі екі басты бұзау туған емес", — дейді ол. 

Бұзаудың екі тұмсығы, екі аузы және төрт көзі бар, дегенмен бас сүйегі біреу және құлағы бір ғана жұп, деп жазды Мир Новостей.  

Ит - Sputnik Қазақстан
Әлем
Адамға ұқсайтын ит әлеуметтік желіні дүрліктірді

Касирувалдың айтуынша, қала тұрғындары, соның ішінде мал дәрігерлері бұзаудың бірнеше сағаттан артық өмір сүретініне сенбеген. Алайда бір айдан астам уақыт өтсе де, жануардың жағдайы жақсы. Жергілікті тұрғындар мутантты көруге күнде келеді. Олардың біреуі бұзауға "Құдайдың ғажайыбы" деп ат қойыпты. 

Бұзаудың мутацияға ұшырауы полицефалия деп аталады. Ол бауырымен жорғалаушыларда, сүтқоректілерде және кейде адамдарда кездеседі. Егер жатырдағы екі эмбрион толық бөлінбесе, ек ми дамиды, бірақ тыныс алу және асқорыту жүйесі ортақ, сондай-ақ екеуге бір дене болады. Әдетте, мутанттар туғаннан кейін көп ұзамай өледі, бірақ ерекше жағдайлар болып жатады.


Жаңалықтар
0