Әлем

Құрылысшы аузындағы басымен бірдей ісікті алдыра алмай жүр

© Life-Of-PixТеріс қарап тұрған құрылысшы ер адам
Теріс қарап тұрған құрылысшы ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ауыз қуысындағы ісікті алдыру үшін құрылысшыға 2,5 миллион теңге қажет

АСТАНА, 29 қараша — Sputnik. Филиппиндік құрылысшының ауыз қуысындағы ісіктің көлемі басымен бірдей болды. Бұл туралы Daily Mail басылымы жазды. 

30 жастағы Леонардо Морис барлығы жасөспірім кезінде баскетбол ойнап жүріп алған жарақаттан басталғанын айтады. Содан кейін жағы қатты ауырып, іси бастаған.

Жүктілік - Sputnik Қазақстан
Әлем
Дәрігерлер "жүкті" әйелдің денесінен 26 келілік ісікті кесіп алды
"Мен көпке дейін кететін болар деп күтіп жүрдім. Бірақ аузымдағы ісік өсе берді", — дейді ол.

Жас жігіт бірнеше жыл бойы қатты ауырады. Осыдан кейін Морис 23 жасқа келгенде аузында амелобластома — қатерсіз ісік пайда болады. Уақыт өте бұл ісіктің көлемі ұлғайып, тамақ ішуге кедергі келтіреді. Енді Мористің диетасы сорпа, жеміс және судан тұрады.

Құрылысшының жалақысы өте аз болғандықтан, амелиобластоманы алдыртатын ақшасы жоқ. Ота жасату үшін 5 мың фунт стерлинг (шамамен 2,5 миллион теңге) қажет.

Шілде айында үндістандық фермердің 20 жылдан бері мойнында өсіп келе жатқан ісікті алдыру үшін ота жасауға шешім қабылдағаны туралы жазып едік. Ол дәрігерге ісіктің көлемі басымен бірдей болған уақытта ғана барған.

Жаңалықтар
0