Әлем

АҚШ-тың бұрынғы президенті Джордж Буш көз жұмды

© AFP 2024 / JIM WATSONАҚШ-тың бұрынғы президенті үлкен Джордж Буш
АҚШ-тың бұрынғы президенті үлкен Джордж Буш - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үлкен Джордж Буш неден көз жұмғаны әзірге белгісіз, бұған дейін бұрынғы президенттің әйелі Барбара Буш дүниеден озған еді

АСТАНА, 1 желтоқсан — Sputnik. Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті үлкен Джордж Буш 95 жасында қайтыс болды, деп хабарланды кіші Джордж Буштың Twitter парақшасында.

"Джеб, Нейл, Марвин, Доро және мен біздің әкеміз 94 жасында қаза болғанын қайғыра хабарлаймыз", — делінген хабарламада.

Отбасында бірнеше ай бұрын, 2018 жылдың сәуірінде оның 73 жыл бірге өмір сүрген жұбайы Барбара Буш қайтыс болды. Оның үлкен ұлы – Джордж Буш Құрама Штаттардың 43-ші президенті, тағы бір ұлы Джеб Буш Флорида губернаторы болды. 

Үлкен Джордж Буш 41-ші АҚШ президенті, мемлекетті 1989-1993 жылдары басқарды. 


Жаңалықтар
0