13:32 14 Желтоқсан 2018
Тікелей эфир
  • USD370.04
  • EUR420.99
  • RUB5.58
Пеш

Малшы өзіне көз алмай қараған серігінің басын пешке жағып жіберді

© Sputnik / Алексей Даничев
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
270910

Өзбекстан азаматы бұл туралы жұмыстасына айтып, ешкімге тіс жармауды өтінген

АСТАНА, 6 желтоқсан — Sputnik. Мал шаруашылығымен айналысатын екі жұмысшы арасында кикілжің туып, Өзбекстан азаматы тәжікстандықты асқан қатыгездікпен өлтірді, деп хабарлайды сайты.

Екі ер адам жұмыс барысында сөзге келіп қалып, кейін арадағы кикілжіңді шешу үшін сиыр қораға барады.

"Бір-бірін балағаттағаннан кейін 36 жастағы Өзбекстан азаматы 51 жастағы Тәжікстан азаматын пышақтайды. Бұдан кейін күдікті қылмысын жасырмақ болған. Көз жұмған тәжікстандықтың басын кесіп, пешке жағып жібереді. Ал денесінің қалған бөлігін сиыр қораның артына сүйреп апарып, қалың шөптің астына жасырған", — деді Ресей тергеу комитетінің Волгоград облыстық Средне-Ахтубинск ауданы бойынша тергеу басқармасының басшысы Евгений Выстропов.

Күдікті күні бойы пешке от жағады. Осы күні кешке ол болған жағдай туралы жанындағы жұмысшыға айтып, ешкімге тіс жармауын өтінеді. Мұның барлығынан хабардар азамат болған жағдайды құқық қорғау органына жеткізген.

"Күдікті сол күні оқиға болған жерге жедел тексеру тобы келген кезде ұсталды. Оның психикалық ауытқу болуы мүмкін. Себебі, ол марқұмның басын неге пешке жаққанын сұраған кезде, оның өзіне көз алмай қарай бергенін айтқан", — деді Евгений Выстропов. 

Тақырып бойынша

Мектеп оқушысы өзін келемеждеген сыныптасын атып өлтірді
Маймыл жаңа туған нәрестені анасының құшағынан тартып алып, тістеп өлтірді
Анасын өлтірді: Шымкентте сотталған жігіт "не үшін?" деп жылап жіберді
Алматыда рөлге ие бола алмаған жүргізуші қарт әйелді қағып өлтірді
Көшеден сәби табылды: ақмолалық әйел жаңа туған нәрестесін өлтірді деген күдікке ілінді
Теміржолда тұрған 59 адамды пойыз басып өлтірді
"Айтқанымды істемеді". Жүкті келіншекті атасы болмашы нәрсеге бола өлтірді
Кілт сөздер:
пеш, марқұм, ер адам, от, күдікті
Загрузка...

Басты тақырыптар