Әлем

Ер адам балгерге сеніп, өзін "дуалаған" әйелді өлтірмек болды

© Sputnik / Медиабанкке өтуБақсы-балгер
Бақсы-балгер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күдікті отбасы мүшелерінің жиі ауыратынын айтып балгерге барған

АСТАНА, 8 желтоқсан — Sputnik. 59 жастағы Татарстан тұрғыны Михаил Баранов отбасымды дуалады деп кісі өлтіргені үшін айыпталып отыр. Бұл туралы Ресейдің Татарстан бойынша тергеу комитетінің сайтында хабарланды.

Балгер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Адамдар бақсы-балгерлерге неге сенеді?
Тергеушілер нұсқасы бойынша, 2018 жылдың мамыр айында шаштараз иеленген күдіктінің әйелі мен 50 жастағы жұмысшы арасында кикілжің болып, кейінгісі жұмыстан шығып қалады. Осы жағдайдан кейін ерлі-зайыптылардың өміріне "тылсым күштер араласып", жиі ауыра бастайды.

"Ер адам бақсы-балгерлерге барып, айналасында жүрген әйелдердің суретін көрсетеді. Бастарында болып жатқан жағдайға таныстары кінәлі шығар деп ойлайды. Барған балгерлердің барлығы бір ауыздан әлгі жұмыстан шығып қалған әйелдің бұл отбасыны дуалап тастағанын айтқан", — делінген ведомство хабарламасында.

28 қараша күні Баранов әйелінің бұрынғы жұмысшысын аңдып барып, бірнеше жерінен кескіш құралмен жарақаттайды. Келесі күні күдікті қолға түсті. Өзінің кінәсін мойындамады.

Жаңалықтар
0