Әлем

АҚШ аспанында ұшқан белгісіз нысан ғылыми болжамды дәлелдеді – видео

CC0 / Džoko Stach / Аспан
Аспан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Танымал маманның айтуынша, бұл Нью-Йорк штатында бөгде ғаламшар тұрғындарының барына дәлел болады

АСТАНА, 15 желтоқсан — Sputnik. Желіде Нью-Йорк аспанында қатты жылдамдықпен ұшып бара жатқан диск тәріздес нысанның видеосы пайда болды. Көпшілікттің пікірінше, "бұл — белгісіз ұшатын нысанның шын екенінің дәлелі", деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның жазуынша, видеодағы нысан жолаушылар ұшағы болуы мүмкін деген күдікті жоққа шығарады: жазбаны ақырындатып қарағанда, оның қанаттары жоқ әрі қара түсті екені анық көрініп тұр.

Танымал уфолог Скотт Уоринг мәлімдегендей, бұл видео Нью-Йорк штатында өзге ғаламшарлықтар бар екенін дәлелдейді. Сонымен бірге, оның сөзіне сүйенсек, нысанның бұлттар үстімен ұшып бара жатуы оның жәндік, құс немесе дрон емес екенін білдіреді.

Жаңалықтар
0