Әлем

Ер адам елу жыл бұрын жоғалып кеткен әкесін үйінің жертөлесінен тапты

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуЕр адам
Ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Джордж Кэролл 1961 жылы із-түссіз жоғалып кеткен

АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Лонг-Айленд тұрғыны Майк Кэрролл үйінің жертөлесінен жарты ғасыр бұрын жоғалып кеткен әкесінің сүйегін тапты, деп хабарлайды РИА Новости. 

Жансақтау - Sputnik Қазақстан
Әлем
Жантүршігерлік жол апатында мойыны үзіліп кеткен әйел тірі қалды
Биліктің ақпаратынша, ДНҚ-тест табылған сүйектің Джордж Кэроллдікі екенін растаған. Ол 1961 жылы із-түссіз жоғалып кеткен, ол кезде ұлы небәрі сегіз айлық болатын. Майк ержеткеннен кейін әкесін іздеп таппақ болып, экстрасенстің көмегіне жүгінеді. Көріпкел оған әкесінің денесін анасының үйіндегі жертөледен іздеуге кеңес берген. 

"Экстрасенс маған әкемнің бас жарақатынан көз жұмғанын айтты. Оны басынан қатты  затпен ұрып, тірідей көміп тастаған", — дейді кіші Кэролл. 

Полиция Майктың әкесі бас жарақатынан қаза болғанын растады. 

Қазіргі таңда Джордждың өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды, алайда, ұлы істің сотқа жеткенін қаламайтынын мәлімдеді. 

"Әділдік біз сүйекті қазып алған сәтте-ақ орнады. Біз әкемізді таптық, біз жеңдік", — деп түсіндірді Майк.

Жаңалықтар
0