Әлем

Жантүршігерлік апат: жол жиегінде тұрған балалы әйел бір ажалдан қалды – видео

© SputnikЖол апаты болған жер, архивтегі фото
Жол апаты болған жер, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқыс оқиға куәгердің автокөлігіндегі видеотіркегішке жазылып қалған

АСТАНА, 16 желтоқсан — Sputnik. Вьетнамда жантүршігерлік жол апаты кезінде әйел мен кішкентай баланы Құдай сақтап қалды. 

Оқыс оқиға куәгердің автокөлігіндегі видеотіркегішке жазылып қалған. 

Sputnik International мәліметінше, жүк көлігінің жүргізушісі фургонды айналып өтпек болып, рөлге ие бола алмай қалған, салдарынан бөлгіш қоршауды бұзып, қарсы жолаққа шығып кетеді.

Осы оқиғадан санаулы секунд бұрын қолында баласы бар әйел жеңіл автокөліктен түскен. Әйел қатты жылдамдықпен үш автокөлікті соғып өткен фурадан қашып үлгереді. 

Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген.


Жаңалықтар
0