10:06 20 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.80
  • EUR429.27
  • RUB5.78
Адамның қолы

Ауыл тұрғыны өзіне сұрақ қойған әйелін пышақтап тастады

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
1699 0 0

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр

АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Әзербайжанда 29 жастағы ер адам қойлардың қайда кеткенін сұраған әйелін пышақтап өлтірді. 

Қайғылы оқиға Евлахский ауданының Нематабад ауылында болған. 1989 жастағы Садай Садыгов 30 жастағы әйелі, екі баланың анасы Вафа Садыгованы аяусыз өлтірді, деп хабарлайды 1news.az. 

Аудандық полиция бөлімінен мәлімдегендей, Садыгов өзі жұмыс істеген шаруа қожалығына тиесілі бірнеше қойды сатып жіберген. Бірнеше күннен кейін әйелі малдың жоқ екенін байқап, күйеуінен мән-жайды сұрап, білмек болады. Алайда ер адам бұл сұраққа қатты ашуланып, әйелін ұрып жіберген. Кейін ерлі-зайыпты арасында жанжал туып, ақыры әйел балаларын алып, төркініне кетеді. 

Бірнеше күннен кейін Садыгов әйелінің әкесінің үйіне келіп, анасының көз алдында оны пышақтап тастаған. 

"Ол қолындағы пышағымен баса-көктеп кіріп келгенде, біз қызым екеуміз үйде отырған едік. Мен оған кедергі келтіріп, қызымды қорғамақ болдым, алайда ол бәрібір мені емес, қызымды өлтірді", — дейді марқұмның анасы. 

Тағы оқыңыз:

В.Садыгова қансыраған күйі далаға жүгіріп шығып, көрші үйдегі ағасынан көмек сұрамақшы болған. Алайда есінен танып құлап, көз жұмды. 

Полиция С.Садыговты ізін суыптай ұстады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр.

Тақырып бойынша

Қостанайда күйеуі әйелін пышақтап тастап, жоғары қабаттан секіріп кетті
"Мөлдір дір-дір етіп тұр". Кассирдің өліміне не себеп болғанын күйеуі айтып берді
Оралда ата-анасын күйеуі атып кеткен әйел оқиғаның қалай болғанын айтты
ОҚО-да жантүршігерлік қылмыс жасаған ер адам бар кінәні әйеліне жапқан
Сүйіктісі телефонды көтермеген: Семей тұрғыны жантүршігерлік қылмыс жасады
Мәйіттерді үш ай бойы балконда жасырған: жантүршігерлік қылмыс ашылды
Кілт сөздер:
қой, әйел, пышақтап тастады, ер адам, қылмыс, Әзербайжан
Загрузка...

Басты тақырып