02:13 24 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.06
  • EUR429.19
  • RUB6.08
Оқушының архивтегі фотосы

Отыз жастағы ер адам 20 жыл бұрын ұрып-соққан ұстазынан өш алды – видео

© Sputnik / Алексей Мальгавко
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
247010

Мұғалім оны ұйықтап қалғаны үшін тізерлеп тұруға мәжбүрлеп, басынан 10 рет ұрған

АСТАНА, 28 желтоқсан — Sputnik. Қытай тұрғыны бұрынғы мұғалімге қол жұмсағаны жайлы видео әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын келтірді.

The Daily Mail басылымы хабарлағандай, оқиға Қытайдың Хэнань провинциясындағы Лоян қаласында болған. 

Видеода 30 жастағы ер адам мотороллер мінген мұғалімді тоқтатқаны көрінеді. Жігіт оған барып: "Мені ұмытқан жоқсың ба?" деп сұрайды. Ол есіне түсіріп жатқанда, қытайлық шапалақпен тартып жібереді. 

Бұрынғы оқушы педагог оны 20 жыл бұрын ұрып-соққанын айтып, төмпештей бастайды. Ол мұғалім кешірім сұрағаннан кейін ғана ұруды қояды.   

Шабуылдаушы сабақта ұйықтап қалғаны үшін таяқ жегені белгілі болды. Мұғалім оны тізерлеп тұруға мәжбүрлеп, басынан 10 рет ұрған.

30 жастағы жігіттің әрекеті қытайлық әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын туғызды. Видео желіде таралып кеткеннен кейін полиция тергеуді бастап, қытайлықты көрші қалаға қашып бара жатқан жерінен ұстады.   


Тақырып бойынша

Семейде оқушыны құшақтады деп айыпталған мұғалімге қатысты іс тоқтатылды
"Туфлиін шешіп алып ұратын". Жұлдыздар мектептегі қызықты оқиғаларын айтып берді
"Іштен тепкіледі". Ерлі-зайыпты баласын ренжіткен оқушыны жабылып ұрып тастады
Кілт сөздер:
әлеуметтік желілер, видео, оқушы, мұғалім, Қытай
Загрузка...

Басты тақырып