19:00 21 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD387.37
  • EUR428.55
  • RUB6.06
Сотталушы

Қытайда отыз жылдай қолға түспеген кісі өлтіргіш өлім жазасына кесілді

© Sputnik / Максим Блинов
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
609 0 0

Қытай полициясы Гао Чэнъюнді 28 жыл бойы ұстай алмаған

АСТАНА, 3 қаңтар — Sputnik. Қытайдың билік өкілдері аса ауыр қылмыстар жасаған, оның ішінде 11 әйелді өлтірген қанішер зорлықшыны өлім жазасына кесті.

Гао Чэнъюн отыз жылға жуық кісі өлтіріп, полицияға ұстатпай жүрген, деп хабарлайды РИА Новости.

Кісі өлтіргіштің ұстау туралы мәліметтерге сүйенсек, ол алғаш рет 1988 жылы Ганьсу провинциясындағы Байинь кентінде әйел адамды зорлап, өлтірген. 2002 жылы құрбандарының саны кем дегенде онға жетіпті. Бұл кейіннен сотта дәлелденген қылмыстары ғана. Қытайдың құқық қорғау органдарының дерегіне сүйенсек, ең кішкентай қыздың жасы 8-де болыпты. Сонымен қатар Гао Чэнъюн қарақшылық шабуылдар жасап, өзі өлтірген төрт әйелдің мәйітін қорлаған.

2001 жылы қанішердің ісін тергеуді қоғамдық қауіпсіздік министрлігі қолға алса да, қылмыскерді әшкерелеу мүмкін болмады. Ол 2016 жылға дейін бостандықта жүрген.

"ҚХР Жоғарғы халықтық сотының төрағасы өкімімен өлім жазасы орындалды, 3 қаңтарда Гао Чэнъюн өлтірілді", — деп хабарлады сот.

Қанішердің қылмысын тергеу екі жылға созылып, 2018 жылдың наурыз айында ғана Гао Чэнъюнге ең қатал жаза тағайындалған.

Тақырып бойынша

Сирияда содырлар 3 қазақстандық әйелді өлім жазасына кесті
"Өлім жазасына кесеміз бе?". Біртанов дәрігерлер жұмысына қатысты пікір білдірді
Тоғыз оқушыны қанжармен өлтірді: қылмыскер өлім жазасына кесілді
Қытайда өлім жазасына кесілген қазақстандық елге оралды
Трамп Нью-Йоркте теракт жасаған Саиповты өлім жазасына кесуді талап етті
Өлім жазасына кескені дұрыс болды – Күлекбаевтың қолынан қаза тапқандардың туыстары
Күлекбаев өлім жазасына лайық па – депутаттар өз пікірін білдірді
Кілт сөздер:
әйел зорлау, өлім жазасы, кісі өлтіру, сот, Қытай
Загрузка...

Басты тақырып