15:39 19 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD383.69
  • EUR429.08
  • RUB5.97
Архивтегі фото

Өлім жазасын 11 жыл күткен америкалық өзіне қол салды

© AP Photo / Martin Mejia
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
249000

Сот үкімі орындалатын күнді күтуге Дозьердің шыдамы жетпеді, өйткені билік, фармацевтикалық компаниялар мен адвокаттар өлім жазасын орындау жайын ұзақ уақыт талқылаған

АСТАНА, 7 қаңтар — Sputnik. Америкалық Скотт Дозьер түрме камерасында өзіне қол салды. 

Ол 2007 жылы өлім жазасына кесіліп, содан бері түрмеде қажетті препаратты күтіп отырған, деп жазды 360° порталы.

Дозьер 2002 жылы адам өлтірген. Марқұм оған 12 мың доллар санап берген, ал Дозьер оған метамфетамин дайындауға арналған компонент жеткізуі тиіс болған. Алайда америкалық клиентін айуандықпен өлтіріп тастаған. Кейінірек ол бірнеше адамды өлтіргені анықталып, 2007 жылы өлім жазасына кесіледі.  

CNN телеарнасының хабарлауынша, адвокаттар өз қорғауындағы адамның лайықты жазасын ертерек алғысы келгенін растады, алайда өлім жазасын орындауға қолданылатын дәрі Дозьерді азаптауы мүмкін еді дейді олар. Өйткені Невада штатында 2006 жылдан бері өлім жазасы қолданылмаған екен. Сол уақыттан бері жаңа қоспа бекітілген, ал оның салдары қандай болатынын әлі ешкім білмейтін көрінеді.  

Тақырып бойынша

Байлап, зорлаған: 90 адамды айуандықпен өлтірген мейіргер болып шықты
"Көрпеде қан болған". Өзіне қол салды делінген әйелдің туыстары шу шығарды
Ер адам екі ұлын атып өлтіріп, артынша өзіне қол жұмсады
Жазықсыз 23 жыл түрмеде отырған адам ақталып шықты
"Ол түзелмейді" Министр Күлекбаев түрмеде жазасын қалай өтеп жатқанын айтты
Кілт сөздер:
өлім жазасы, суицид, түрме, АҚШ
Загрузка...

Басты тақырып