Әлем

Путин жылап тұрған қызды жұбатты — видео

© Sputnik / Алексей Дружинин / Медиабанкке өтуВладимир Путин
Владимир Путин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей басшысы Санкт-Петербург қаласына сапары кезінде тұрғындармен бірге суретке түсті

АСТАНА, 8 қаңтар - Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин жылап тұрған қызды жұбату үшін кідірді.

Ресей басшысының кішкентай қызды қалай жұбатып тұрғаны туралы видеоны президент пулының журналисі Дмитрий Смирнов жариялады. Қыз бала президентпен суретке түсіп үлгермегені үшін жылап қалады. Осы кезде Путин оны жұбату үшін көліктен шығады.

"Сен неге жылап тұрсың?", - деп Путин қызды құшақтап, онымен бірге суретке түседі. Қыздың анасы президентке мұндай қамқорлығы үшін алғыс айтты.

Ресей президенті Рождествоны өзінің туған қаласы Санкт-Петербургте қарсы алып, Петропавл қамалына барды. Мемлекет басшысы қаланы аралап жүрген кезде тұрғындар онымен бірге суретке түсу мүмкіндігіне ие болды.

Жаңалықтар
0