Әлем

Бішкектен шыққан ұшақ апатқа ұшырады: бір адам аман қалған

© AFP 2024 / HASAN SHIRVANI / MIZAN NEWSBoeing 707 жүк ұшағы Иранда апатқа ұшырады
Boeing 707 жүк ұшағы Иранда апатқа ұшырады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Boeing 707 жүк ұшағы Тегеранның маңындағы Карадж қаласындағы "Пайам" әуежайына бет алған

АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. Тегеран түбінде болған ұшақ апатынан 15 адам қаза тауып, тек біреуі аман қалды, деп хабарлайды РИА Новости. 

Ұшақ - Sputnik Қазақстан
Әлем
АҚШ-та ұшақ тұрғын үйге құлады
Бішкектен ұшып шыққан Boeing 707 жүк ұшағы Тегеранның маңындағы Карадж қаласындағы "Пайам" әуежайына бет алған. Алайда қателесіп сол қаладағы "Фатх" әуежайына қонады. Қону кезінде ұшқыш әуе кемесін басқара алмай, ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, адамдар тұратын ауданға кіріп кеткен. 

"Бортта болған 16 адамның арасында тек ұшақ инженері ғана аман қалды", — делінген хабарламада. 

Fars агенттігі хабарлағандай, апат болған орындағы ғимараттарда тұратын адамдардың тағдыры әлі белгісіз. 

"Манас халықаралық әуежайы" ААҚ баспасөз хатшысы Әлия Құрбанова ұшақтың Иран әуе компаниясына тиесілі екенін және Бішкектен чартерлік рейс орындағанын мәлімдеді.

Жаңалықтар
0