03:39 19 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Ота

Кесар тілігі ашылып кеткен әйел дәрігерлер келгенше ішек-қарынын қолымен ұстап отырған

© Sputnik / Сергей Гунеев
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
1180 0 0

Ағылшын әйел босанғаннан кейін басынан өткен сұмдық жайт туралы айтып берді

АСТАНА, 15 қаңтар — Sputnik. Ұлыбритания тұрғыны босанғаннан кейін басынан өткен сұмдық жайтты айтып берді. Кесар тілігі ашылып кеткен әйел ішек-қарынын қолымен ұстап отыруға мәжбүр болды, деп жазады New York Post.

Кесар тілігін жасағаннан кейін бес күн өткен соң Мел Бремнер душқа түсіп жатады. Су сабынды алайын деп еңкейе бергенде, қарнындағы тігісі сөгіліп кетіп, ішек-қарыны ақтарылып, түсе бастаған. Қолымен ұстап үлгерген ол күйеуін көмекке шақырады. Ер адам әйелді диванға отырғызып, сүлгі береді де, жедел жәрдемге хабарлайды.

Мел дәрігерлерді күтіп отырғанда түсірілген суретін де жариялапты. "Мына суретке қарасам, ішек-қарынымды өз қолыммен ұстап отырғаным еске түседі, — деп жазады ол. – Кәдімгідей бүлкілдеп тұрды. Сұмдық еді".

Бремнерді тез арада ауруханаға апарып, қайта ота жасаған. Ол екі күннен кейін үйіне оралды. Мамандардың айтуынша, жіп қысқа болғандықтан немесе дұрыс байланбағандықтан, тігіс тарқатылған болуы мүмкін.

Тақырып бойынша

Науқас миына ота жасаған кезде дауыстап дұға оқыды - видео
Ауруханада ота жасатқан науқастың жарасын скотчпен таңып берген
Дәрігер ота кезінде науқастан қомақты ақша талап еткен
"Темір көрініп тұр". Алматыда ота жасатқан әйел өз көзіне өзі сенбеді
Кеудесіне пластикалық ота жасатқан алматылық әйел көз жұмды
Астаналық дәрігерлер босанып жатқан әйелдің жүрегіне ота жасады
Дәрігерлер қателігіне бола 15 рет ота жасатқан бойжеткен өзіне қол салмақ болды
Кілт сөздер:
жас босанған әйел, хирург, кесар тілігі, ота, Ұлыбритания
Загрузка...

Басты тақырып