Әлем

Венесуэла мемлекеттік төңкеріс алдында тұр. Елде не болып жатыр?

© REUTERS / CARLOS EDUARDO RAMIREZВенесуэладағы саяси тұрақсыздық
Венесуэладағы саяси тұрақсыздық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдын ала мәлімет бойынша жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан 16 адам қаза тапты, жасөспірім қақтығыстардың алғашқы құрбаны болды

АСТАНА, 24 қаңтар — Sputnik. Венесуэладағы жаппай наразылық акциялары өршіп барады. Оппозиция жетекшісі Хуан Гуайдо өзін мемлекет басшысының міндетін атқарушы деп жариялады, қазіргі президент Николас Мадуроның жақтастары мен қарсыластары наразылық акциясына шықты. Қақтығыстар салдарынан кемінде 16 адам қаза тапты.

Неліктен Венесуэлада тәртіпсіздіктер басталды

Мыңдаған адам көшеге шықты. Олардың бір бөлігі қазіргі президент Николас Мадуроға қолдау білдірсе, бір бөлігі қарсылық танытты. Мадуро 2019-2025 жылдарға ант қабылдап, 10 қаңтарда мемлекет басшысы лауазымына кіріскен еді.

Николас Мадуро - Sputnik Қазақстан
Әлем
Венесуэла президенті ең төменгі жалақы мөлшерін 60 есе өсірді

Дүйсенбі күні әскери топ Каракастың батысындағы Котис ауданындағы Ұлттық гвардия бөлімшелерінің бірінің штабын басып алды. 

Бүлік шығаруға тырысқаны үшін 40-қа жуық әскери ұсталды. Халық ұсталғандарды қолдау үшін көшеге шығып, акциялар ірі шерулерге айналды.

 Венесуэла парламентінің спикері Хуан Гуаидо сәрсенбіде жалғасып жатқан наразылық акциялары аясында өзін уақытша мемлекет басшысы ретінде жариялады. Америка Құрама Штаттары Гуаидоны мойындайтынын мәлімдеді.   

 АҚШ вице-президенті Майк Пенс Мадуроны мемлекетті басқаруға құқығы жоқ диктатор деп атады.

 Президент Николас Мадуро жақтастарының алдында сөз сөйлеп,   АҚШ өз мүддесі үшін мемлекеттік төңкеріс арқылы Венесуэла билігіне айтқанынан шықпайтын қуыршақ адамды қоюға тырысып жатқанын мәлімдеді.   

 Венесуэла көшелерінде қазір не болып жатыр?

Акциялар басталғалы бері үш күн ішінде шамамен 152 адам ұсталды.

Каракаста Мадуро режиміне қарсы наразылық білдірушілерді тежеуге Ұлттық гвардия әскері тартылды, көшеге брондалған машиналар шықты.

Португеса, Баринас, Тачира, Каракас, Амасонас, Боливар штаттарындағы қақтығыстар салдарынан 16 адам қаза болды, деп жазды РИА Новости La Prensa de Lara сайтына сілтеме жасап.  

Каракастағы наразылық шеруінде алғаш болып көз жұмған 16 жастағы жасөспірім болып шықты.

Каракастың Пало-Верде ауданында атыс болды, деп хабарлады венесуэлалық журналист Роман Камачо. Монагас штатында үкіметке қарсы наразылық білдірушілер елдің Біртұтас социалистік партиясының ғимаратына шабуыл жасады.

© REUTERS / Carlos Eduardo RamirezВенесуэладағы саяси тұрақсыздық
Венесуэладағы саяси тұрақсыздық - Sputnik Қазақстан
1/2
Венесуэладағы саяси тұрақсыздық
© REUTERS / EDGARD GARRIDOВенесуэладағы саяси тұрақсыздық
Венесуэладағы саяси тұрақсыздық - Sputnik Қазақстан
2/2
Венесуэладағы саяси тұрақсыздық
1/2
Венесуэладағы саяси тұрақсыздық
2/2
Венесуэладағы саяси тұрақсыздық

Куәгерлердің бірі кеше кешке (Астана уақытымен бейсенбі таңертең – Sputnik) Каракастың батысындағы Венесуэла ұлттық полициясының жүк көлігін басып алғанын мәлімдеді.

Венесуэладағы жағдайды елдер қалай қабылдады

АҚШ-тан бөлек,  Канада, Бразилия, Аргентина, Чили, Колумбия, Коста-Рика, Гватемала, Гондурас, Панама, Парагвай және Перу Гуайдидоның уақытша мемлекет басшысы ретіндегі мәртебесін мойындады.

Ресей Николас Мадуроны Венесуэланың заңды президенті ретінде мойындады, деп мәлімдеді Халықаралық істер жөніндегі федерация кеңесі комитеті төрағасының орынбасары Андрей Климов.  

Жаңалықтар
0