07:50 17 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.07
  • EUR427.54
  • RUB6.08
Пачки долларов

Танымал әртіс даяшы қыздарға 20 мың доллар шайпұл қалдырып кетті

CC0 / pixabay.com
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
4109 0 0

Атақты рэпер "Макдоналдс" дәмханасының екі қызметкеріне бір айлық жалақы көлемінде шайпұл берді

АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. АҚШ-тың атақты рэпері Дрейк "Макдоналдс" дәмханасының екі қызметкерінің әрқайсысына он мың доллардан шайпұл қалдырып кетті, деп жазады The Sun.

Басылымның жазуынша, хип-хоп орындаушы бургер сатып алып, кейін даяшы қыздарға қомақты ақша сыйлаған.

Twitter желісінде Дрейктің "Макдоналдс" дәмханасында жүрген суреті жарияланды. Фотода әртіс қос оққағарының қасында дәмхана қызметкерімен сөйлесіп тұр.

​Кадрды оқиғаға куәгер болған AJ деген қолданушы жүктеген екен.

2018 жылы қыркүйекте Дрейк жылдың ең табысы мол рэперлерінің ондығына енді. Оның табысы 47 миллион долларды құрапты.

Жұлдыз бұдан бұрын да жомарттығымен көзге түскен. 2018 жылдың ақпан айында God’s Plan әніне бейнебаян түсіріп, сол кезде бейтаныс жандарға миллион доллар таратқан еді.

Тақырып бойынша

Белгілі кәсіпкер павлодарлық полицейлерге 5 млн теңгеден сыйлады
Студент 37 мың доллар тауып алды: оқиғаның жалғасы елді таңғалдырды
Лотереядан 10 млн доллар ұтып алған ер адам күтпеген жағдайға тап болды
Кедей отбасынан шыққан атақты боксшы мың адамға пәтер сыйлады
Кілт сөздер:
даяшы, дәмхана, әртіс
Загрузка...

Басты тақырып