07:52 18 Ақпан 2019
Тікелей эфир
  • USD377.62
  • EUR426.03
  • RUB5.67
Ұялы телефон

Такси жүргізуші зорлап өлтірген қыз 5 минут бұрын жанұшыра көмек сұраған

CC0 / Luisella Planeta Leoni
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
5644 0 0

Резонанс тудырған қылмыс өткен жылдың тамыз айында жасалған

АСТАНА, 1 ақпан – Sputnik. Бүгін Қытайдың Вэньчжоу қаласының халық соты жолаушыны зорлап, өлтіргені үшін Didi Chuxing (Uber-дің баламасы) такси қызметінің жүргізушісін өлім жазасына кесті, деп хабарлады РИА Новости сот инстанциясының мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"2019 жылдың 1 ақпанында жергілікті уақыт бойынша сағат 10.30-да (Астана уақытымен 8.30) Чжэцзян провинциясындағы Вэньчжоу қаласының Орта сатыдағы халық соты аса қатыгездікпен жасалған зорлау, тонау және кісі өлтіру қылмысы бойынша айыпталушы Чжун Юанді өлім жазасына кесті", — делінген мәлімдемеде.

Резонанс тудырған қылмыс өткен жылдың тамыз айында Чжэцзян провинциясының Юэцин қаласында жасалған.

20 жастағы қызды Didi таксиінің "жол-жөнекей автокөлік" қызметін пайдаланған соң айуандықпен өлтіріп кеткен. Жергілікті уақытпен сағат 14.00 шамасында қыз көлікке отырған, біраз уақыттан кейін зәресі ұшқан қыз құрбысына хабарлама жіберіп, жүргізуші бірде-бір көлік жоқ тау жолымен келе жатқанын жеткізген, сондай-ақ өзінің қайда екені туралы мәліметті жіберіп үлгереді. Тағы бес минуттан кейін "құтқарыңдар" деген хабарлама жіберген, содан кейін байланысқа шықпаған.

Полиция қылмыскерді ұстады, ол қызды зорлап, өлтіргенін мойындап, мәйітті тастаған орынды көрсетті.

Осы оқиғадан кейін Didi компаниясы бүкіл ел бойынша "жол-жөнекей автокөлік" қызметін көрсетуді тоқтатты.

Тақырып бойынша

Талдықорғанда такси жүргізушіні айуандықпен өлтіріп кетті
Такси жүргізуші екі қызды өлтірген "маньякті" алып жүргенін айтты
"Жылап жібердім". Такси жүргізушісі әмиянды иесіне қайтару үшін 8 сағат күткен
Ақтауда 20 жастағы бойжеткенді такси жүргізушісі зорлап тастады
Кілт сөздер:
өлім жазасы, зорлау, Қытай
Загрузка...

Басты тақырыптар