10:46 18 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD383.98
  • EUR430.63
  • RUB6.11
Қымбат көлік

Желіде әр адамның арманындағы жұмыс орнына хабарландыру жарияланды

© AFP 2019 / Jewel Samad
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
277 0 0

Қызметкердің еңбекақысы жылына жүз мың доллардай болмақ

АСТАНА, 2 ақпан — Sputnik. "Миллионерлерге арналған Amazon" деген атпен белгілі HushHush сауда алаңқайында ерекше жұмыс орнына хабарландыруы жарияланды: қымбат заттарды сынақтан өткізетін қызметкер, жалақысы – жылына 100 мың доллардай.

HushHush алаңқайында люкс деңгейдегі тауарлар сатылады.

"Біз қымбат тауарларды сынақтан өткізетін адамды іздеп жатырмыз. Ол сатылымға шығармастан бұрын тауарларды пайдаланып көріп, бағасын береді", — делінген хабарландыруда.

РИА Новости басылымының жазуынша, тексерілуі тиіс тауарларға қымбат кемелер, мықты көліктер мен жеке ұшақтар жатады екен.

Бұл лауазымға лайық деп танылған адамның жалақысы жылына 98 мың АҚШ доллары болмақ. Жұмыс аясында жиі саяхатқа шығып, дүние жүзіндегі жеке аралдар мен жылжымайтын мүліктерді сынақтан өткізеді.

HushHush алаңқайын 29 жастағы британдық Аарон Харпин бай адамдарға арнап жасап шығарды.

"Әр тауарымыздың сапасына кепілдік бере алатынымызды клиенттеріміз білсе дейміз. Сол себепті тауарларды сынақтан өткізетін адамды іздейміз", - деп атап өтті HushHush иесі.

Кілт сөздер:
байлық, хабарландыру, жұмыс
Загрузка...

Басты тақырып