17:14 25 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Архивтегі сурет

Жиырма жыл бұрын өлген 10 жасар балаға қатысты сұмдықтың беті ашылды

© Sputnik / Алексей Вовк
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
6877 0 0

Баланың мәйіті бұзылып кеткендіктен, полицейлер ол кезде оның кім екенін анықтай алмаған

АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik.  1998 жылы қыркүйекте АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында билбордтардың жанынан 10 жасар баланың мәйіті табылған. Қылмыс 20 жылдан кейін ашылды.

Баланың мәйіті бұзылып кеткендіктен, полицейлер ол кезде оның кім екенін анықтай алмаған. Ал баланың сыртқы көрінісі жоғалған балалардың ешқандай сипаттамасына сәйкес келмепті. 

Алайда жақында бет әлпетті қалпына келтіру технологиясы мен ДНҚ-ны салыстырудың арқасында өлген баланың аты-жөні Роберт Уитт екені анықталды. Зерттеушілердің қуанышы ұзаққа созылмады, өйткені олар таяуда сол технологияның көмегімен басқа бір мәйітті таныған. Боббидің мәйітінен 350 шақырым қашықтықта оның анасы Мьенг Хва Чоның мәйіті табылған.   

Зерттеушілер Мьенг пен Боббидің туыстарын іздеп тапты. Олар 20 жыл бұрын болған оқиғаны естіп, қатты қайғырған. Марқұмдардың жақындары ана мен баланы тарихи отаны Оңтүстік Кореяға кетіп қалды деп ойлап келіпті. Сондықтан ешкім олардың жоғалғаны туралы арыз бермеген, деп жазды life.ru.

"Бобби өте сүйкімді әрі мейірімді бала еді, үнемі күліп жүретін", - дейді марқұмдардың туысы.

Қандықол қылмыскер Боббидің әкесі болып шықты, ол қылмысын жасыру үшін жұртқа әйелі мен ұлының аяқ астынан елден кетіп қалғанын айтқан. Қазір ол адам тонағаны үшін түрмеде отыр екен. Күдікті кінәсін мойындады.  

Тақырып бойынша

Ақтаулық қыздарды әкесі досымен бірге ұзақ уақыт зорлап келгені анықталды
Жүргізуші әйелі мен баласын қағып кетті: 7 жасар қыз ауруханада көз жұмды
Әйеліне ерегіскен ер адам төрт жасар баласын тірідей өртеп жіберді
Жалғызбасты ана қызын зорлап жатқан үш еркекті жайратып салды
Кілт сөздер:
трагедия, кісі өлімі, АҚШ
Загрузка...

Басты тақырып