19:37 15 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.62
  • EUR429.98
  • RUB6.06
Ер адам

Аяқасты үлкен олжаға тап болған кедей жігіт көп ұзамай тақырға отырды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
1164 0 0

Лотереядан қомақты сома ұтып алған қоқыс жинаушы жігіт он жылдай уақыт ішінде кедейге айналды

АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Адамдардың көпшілігі аяқ астынан қомақты олжаға кенелсем, алаңсыз рахат өмір сүрер едім деп ойлайды. Лотерея билетін сатып алғанда Майкл Кэррол да солай пайымдаса керек. Бірақ оның қуанышы ұзаққа созылмады, деп жазады The Sun.

2002 жылы Англияның Норфолк қаласында 19 жастағы қоқыс жинаушы лотереядан 13 миллион доллар ұтып алады. Бақыттан басы айналған жас жігіт ойын-сауықтың қызығына түсіп, неше түрлі шытырман оқиғаларды бастан кешеді. Көшеде кетіп бара жатқан адамдарға тамақ лақтырып, тіпті сот отырысына алтын бұйымдарын тағып, сыра ішіп келген.

Осылайша арада он жыл өткенде Майклдың ақшасы таусылған екен. Сөйтіп, ол бәрін басынан бастауды жөн көреді: Шотландияға көшіп, кішкентай үй жалдап, жұмысқа орналасады. 12 сағаттық жұмысында отын жарып, ағаш пен көмір тасиды. Қазір оны ешкім де танымайтын шығар, өйткені бет-ауызы үнемі күйе-күйе болып жүреді.

Он жыл сауық-сайран құрған 35 жастағы жігіттің көлігі де, үйі де жоқ, бірақ ол бұған қаймықпайды. Байлық қалай келсе, солай кетті, дейді Майкл. Керісінше, еңбек етіп жүргеніне қуанышты.

"Менен үнемі сұрайды: сонша ақшадан айырылған қалай? Бірақ мен айырылған жоқпын ғой, жұмсадым емес пе!", - дейді Майкл.

Ол кейде лотерея билетін сатып алады екен. Тағы жолы болса, бұрынғы қателігін қайталамай, ақшасын үнемдеп жұмсамақ.

Тақырып бойынша

Ор қазып жатып, олжаға кенелді – желіде жарияланған видео елдің жағасын ұстатты
Ер адамның аяқ астынан байып кетуіне автобустан кешігуі себеп болды
Әжетханаға сұранған балалар әкесін үлкен олжаға кенелтті
Немересіне дәмді ас әзірлемек болған әжей күтпеген олжаға кенелді
Жолда дөңгелегі жарылып қалған ерлі-зайыпты күтпеген олжаға кенелді
Анасына көмектеспек болған әйел ойламаған жерден байып кетті
Әйел адам сатушының жіберген қателігінің арқасында байып кетті
Кілт сөздер:
ысырапшылдық, кедей, лотерея
Загрузка...

Басты тақырып